Ана- пейіш кілті

Ана- пейіш кілті
жеке
блог

Тағзым  қыл зор анаға Алладан соң,

Жәннаттың құлпытасын қалаған сол.

Пейіштің кілтін алған ұлы ана ғой,

Әлемге ол туралы таралған том.

Ана деген алып тұлға еңселі,

Айтайын мен бір сырларды кешегі.

Сексен үш жыл бұрын болған оқиға,

Тарих куа қалғаны содан естегі.

Бір жан еді төрт балалы бақытты,

Тауыспаған бақыт деген сарқытты.

Балаларын басынан артық санайтын,

Ұлы ана өмірден дәм татыпты.

Аштық желі соқты ақырын басталып,

Мал айдалды сопайып жалғыз бас қалып.

Галащекин жасаған жолсыз жаза,

Қойды бізді аштықпенен атастырып.

Сол отбасын бұл дауыл бұзды шырқын,

Қахарлы қыс етектен тартты жұрттың.

Бір түйір қара нанға зәру қылып,

Әй, өлім талайларды тегіс жұттың.

Әкелері тамақ іздеп көше кезді,

Шеңділерден қайыр тілеп және көрді.

Жыртық шапан жамылып сары аязда,

Қалдық тамақ ақыры қоқыс терді.

Үйге келді, айналаға нұр толды,

«Әке» емес алғаш сөзі «нан» болды.

Қойнынан шүберекті алып шықты,

Шүберекке түйілген нан жасқа толды.

Қара суық қазаққа қас қылды ма?

Бейнет қылды қарапайым әр тылдыға.

Сары аяз сүйекті сырқыратып,

Ажалдың сағаты жылжыды алға.

Ажал, шіркін, әкесін алып кетті,

Жүрегіне ананың салып дертті.

Жылауға еміреніп әлі келмей,

Сорлы ана жүрегіне жиды кекті.

Осылай уақыт өтті, күндер өтті,

Аштықтан бүкіл қазақ зардап шекті.

Естерінен адасты кейбіреулер,

Аштық ажал оғымен қырды көпті.

Бұл отбасын аштық ерсіз қалдырған,

Жүре алмастай ажал тұсау салдырған.

Қара су мен қара нанға зар болып,

Қозғалмайды өлімге бой алдырған.

Бір кезде әлдебіреу есік қақты,

Сорлы ана бетке алды есік жақты.

Қараса көрші әйел өңі қашқан,

Аруақтай түсі кетіп, келіп қапты.

Айтты әйел деп осылай былай деп:

-«сені де, мені де аштық қинады,

Бірақ Алла бізге бала сыйлады.

Құрбандыққа баланы шалсақ егер

Жанымызды амандауға болады.

Сондықтан ауыстыр маған балаңды,

Толтыра алмас ол бала сенің бағаңды.

Керек болса тағы-тағы табарсың,

Керегі жоқ ұстаудың да жағаңды.»

Көрші сөзі осылай аяқталды,

Байғұс ана сілейіп қатып қалды.

Арамдықты ойламаған қайран ан,

Жүректегі бар ызасын төгіп салды:

-«Несіне жер басасың ана болып,

Жіберіпті аштық сені хайуан қылып.

Хайуандар да баласын әлпештейді,

Иіп берер төліне сүтін тұнық.

Кір келтірдің ана деген ұлы атқа,

Қалтырдың ғой сен мені зор ұятқа.

Айтуға сөз де жоқ сендейлерге,

Құрт көзінді көрінбе де бұл жақта!»

Тарс жапты есікті қайран ана,

Түстік біз мына күйге қайдан ғана.

Тебіреніп жылады зарлы үнмен,

Аспаннан қар төгілтіп қойған дала.

Балалары ашықты әлден тайды,

Анаға бұл індет қатты қайғы.

Ананың жүрегін жаралаған,

Бұл қасірет тұсауды құлыптайды.

Пышақ алып қолына қайсар ана,

Өз тәніне жақындатты жәймен ғана.

Төрт саусағын кесіп алып пісіріп,

Таратты ғой бір-бірден төрт балаға.

Балалары жеп алды ана етін,

«Бәрінен бұл нәрсе тәтті екен тым.

Анашым тағы осындай пысыршы!»-деп,

Білмей олар шулады мәннін шетін.

Сол бір сәтте ана қолын қан басты,

Қойнына қолын тығып сүртті жасты.

«-Анашым қолың қайда? Қайда? Қайда?

Еңіреп тізесіне басын тосты...

                                                 Эпилог.

-Балалар, аналарды құрметтеңдер!

Анаға жаман қылық көрсетпеңдер!

Ананың ұлылығы аспанмен тең,

Оңбайды еш ананы ренжіткендер!