Халаттың ақтығындай жүректері

            Ауырумен арпалысқан күн-түні,

             Сыйладыңдар науқастарға күлкіні.

             Халаттай аппақ болып жүректерің,

             Ем табыңдар барлық жанға бұл күні!

Дәрігер- сиқырлы күш иесі. Науқастың емін тауып, ажалмен арпалысатын құдды бір періште дерсін! Талайдың алғысына бөленіп, науқастарды ажал ауызынан арашалайтын бұл мамандықтың мәртебесі қашан да жоғары. Ақ халат киіп емделушіге- абзал,  дертке- жау атанған, үстіндегі киімдей жүрегі таза, қолы жеңіл дәрігерлер жұрт назарынан тыс қалмақ емес. Дүниеден баз кешіп, жалғаннан түнілген науқастың өмірге деген сенімін оятушы, уайым басқан көкіректі күлімдетуші, жан сарайынын қақпасын ашушы- дәрігер!

Абзал жандар, бүгінгі мейрамдарың құтты болсын! Жүздерінізден күлкі, қолдарыңыздан икем кетпесін!

Әр науқастың емі табылып, жарқын болашаққа сау адамның көзімен қарауды нәсібе етсін!



Бөлісу: