Егеменді тәуелсіз елім.
жеке
блог

Егеменді тәуелсіз елім.

    Бүгінде тәуелсіз ел болып көркейіп,жанданып жатқанымызға 25-жыл толып отыр.Бұл егеменділік,еркінділік оңай жолмен келген жоқ,оны бәріміз білеміз.Қазақстан - тәуелсіз ел. Осы тәуелсіздік жолында ата-бабам не көрмеді ,еліміздің басынан қайғыда, аштық та, қырғын майданға толы қилы замандар да өтті. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы еліміздегі қайғылы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы ашаршылық,халқымыздың басын ыдыратып жан-жаққа бас сауғалатып ,қасіретті де қайғылы заман сыйлады,отызыншы жылдардағы ,ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы ,жерді дүр сілкіндірген жастарымыздың елі үшін қанын төккен,қаралы қайғы,Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ еліне ауыр соққы болып,жазылмас жара болып қалды.Қандай қуаныш болса да,сол кісілердің арқасында келгенін біз ешқашан ұмытпаймыз.Себебі, бұл-«өшпес тарих».Біз сияқты жастардың,келешек жастардың ұмытпауға тиісті мұрасы. Сол  жылдары шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата - бабаларының кіндік қаны тамған жердің топырағын, құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін,ата-апаларымыздың көзіндегі ыстық жаспен,мұңды көргендегі сәтте,қалай селт етпейсің. Бүкіл тіршілік дүр сілкініп қаралы оқиғалар елімізге үлкен соққы болып тиді,біз осы ұлы тәуелсіздікке қаншама тартыс, қаншама күрестің, төгілген қанмен, тамған тердің, қан жұтқан халық,жасқа толы көздер арқылы жеткенімізді ұмытпаспыз және мәңгілік есімізде қалары анық.Тәуелсіздік желі бәріміздің көңілімізде үлкен мұң қалдырды.

    Міне, ежелден  қыран құстай еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап жатыр. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік, танылып өсіп келеді.Әлем елдері мойындап,тамсанып жатқанда,жүрегімізді қуаныш билемей қайда барады.?

    Тәуелсіздік деген сөздің өзі недеген қасиетті де,қастерлі ұғым еді.Бүгінде аңсаған арманымыз орындалып,аспанымызда көк бұлттар ойнақтап, жалауымыз биік желбіреп тұр.Сондықтан біз үшін бұл тәуелсіздіктің, еркіндіктің құдіреті мықты, қасиеті жоғары.Қаншама жылдар өтседе әлі күнге жүректегі жарамыз өшкен емес.Бұл күнде еліміз жанданып,көркейіп елу елдің қатарында келеміз.Жастарымыз білімдерін көтеріп шет елдерде оқып,елімізге көптеген жаңалықтар енгізіп,ғылыми жобалардың алдыңғы қатарында келеді. Барлық әлем тамсанып қызығып келе жатқан еліміздің жалауы биік,аңсаған мұратымыз асқақ,болашағымыз жарқын,елдігіміздің тұғыры биік,алар асуы көп боларына мен сенемін.Бабаларымыздың сыйлап кеткен ұлан байтақ жеріне,жастардыңда тигізетін игі істері көп болсын.Бүгінгі болашақты көркейтіп,жандандыратын мына біз жастар.Сондықтан да ертеңгі келешек,бүгінгі болашақ,тек білімділермен шын таланттылардың бәсекесімен,жеңісі болмақ.Тәуелсіздігіміз тұғырлы да, биік болсын.Қазақстандай бай өлкеде өсіп,ер жеткеніме,қазақ болып туғаныма мақтанамын!!!

                                                       Авторы:Асқар Жұлдыз