Мақсат- қадам жетістігі.

Мақсат- қадам жетістігі.
жеке
блог

Алға қойған және оны міндетті түрде орындайтын мақсатым бар...Өмір жолында өз орның тауып,жетістіктерге қол жеткізу үшін адам алдымен мақсат қоя бiлу керек!

Тауларды орнынан қозғалтатын адам алдымен кіші тастардан бастайды.Менде сол ұсақ-түйек нәрселерден бастап оны әрі қарай көбейтiп үлкен жетістіктерге қол жеткіземін!

Жалпы,2 айда орындайтын мақсатым:

☆Бірінші☆

ҰБТ-да биология мен химия пәнің таңдағандықтан осы пәндерге дайындаламын!

☆Екінші☆

Орыс тілінің сөздігін жаттаймын.Бұл тiл үнемі қолданыста болатындықтан сөйлеп үйрену артықтық етпейдi!

Сонымен қатар корей тілін үйренемін!

☆Үшінші☆

Еңбек етіп аз да болса ақша табам!

Бipжағынан ата-анама көмек болады!

☆Төртінші☆

Жуалы жерінен шыққан Бауыржан Момышұлының

шығармаларын оқимын!

Және осының бәріне қол жеткіземін,қадамымды нық басамын!

Мақсатың айқын болса арманың орындалады. Егер сіз қойылған мақсаттарыңызбен жұмыс жасасаңыз, сіздің мақсаттарыңыз сізге жұмыс жасайтын болады.

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.