Supreme  брендінің шығу тарихын білесіз бе?
жеке
блог

Supreme брендінің шығу тарихын білесіз бе?

Қазіргі таңда екіден бір жастардан осындай маркалы киімдерді көруге болады десем, қателеспесім сөзсіз.Ал,сіз Supreme брендінің шығу тарихымен және неліктен жастар дәл осы киімдерге құмар екенін білесіз бе?

Тарихы ...

Supreme- өз статусын сақтай білген,көше киімі. Жалпы ағылшын тілінен аударғанда "жоғары", "биік" деп аударылады. Supreme маркасы 1994 жылы Төменгі Манхэттенде скейт-дүкені ретінде ашылған болатын. Осы марканы ойлап тапқан, Джеймс Джебиа өзі скейтбордингпен айналыспаған,тек скейтбордпен байланысты атмосфераны жақсы көрген .Дүкен аз тиражда жеңіл жейделер (футболка),свитер,күртешелер шығара бастады. Одан кейін Nike және Clarks-пен серіктесе отырып аяқ киімдер  өндіре бастады.Алғашында Шон Стассимен бірлесе отырып жұмыс жасады,кейінірек  скейтерлердің рухын көрсеттетін өзінің жеке дүкенін ашты. Алғашқы дүкен( әлі күнге дейін қызмет ететін) Нью Йорк қаласында ашылған болатын .Қазіргі уақытта Supreme киімдері- көше мәдениетінің сәніне айналған,сирек әрі бірегей туынды.Бір қаладан бірнеше дүкендерін көру мүмкін емес,себебі олардың жалпы саны 9 ғана және киімдер саны да шектеулі болған . Джеймс Джебиа өз жауаптарының бірінде  :" Біз ешкім қаламайтын затқа тоқталғымыз келмейді" деген,алайда жаңа  киімдер қалай интернет-дүкенге шығады,солай тез арада сатылып кететін еді. 

Логотип...

Бір қарағанда "Supreme" логотипі қарапайым әрі оңай ,тіпті әрбір адам суретін салатындай болып көрінетін шығар. Қарайып қәріп.Қарапайым фон. Бірақ логотип атауы бір сәтте ойлап табылмаған,американ суретшісі Барбара Крюгердің шығармашылығынан шабыттанған. Ол өз мансабын 1960-жылдары сән журналында  суретші болып бастаған.Яғни, осы тұлға осы атаудың қалыптасуына себеп болған .

"Неге дәл осы брендті бәрі қалайды?" деген сауалға, Supreme коллекционер Муса Алидің  сөзі жауап : " Кейбір жағдайларда, адамдарды " Supreme" маркалы киімдерді алуға үгіттейтін,бәсекелесті,әлеуметтік жағдай- көпшіліктің алдына шығуға мүмкіндік және өзіңді көпшілігі таңдайтын таңдаудағы киімде сезіну"....