Мэйвезер VS МакГрегор жекпе - жегінің бокс түрінде өтуі әділ ме?

Мэйвезер VS МакГрегор жекпе - жегінің бокс түрінде өтуі әділ ме?
жеке
блог
UFC чемпионы 28 жастағы ирландиялық Конор Макгрегор экс-әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезермен кездесуі туралы барлығыңыз естіп - білген боларсыздар.
 
Бокс шебері мен MMA майталманы ашық айқасқа түспек,бірақ бұл кездесу шаршы алаңда былғары қолғаппен 26 тамыз күні Лас-Вегастегі «T-Mobile Arena» аренасында өткізіледі.
 
40 жастағы Мейвезер спорттық карьеарасын 2015 жылдың қыркүйек айында, бірде-бір жеңіліс таппай кеткен болатын. Ол кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осылайша ол бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. 
 
28 жастағы МакГрегор болса ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 21 жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңіліп қалды. 19 кездесуін ирландиялық спортшы уақытынан бұрын жеңді. Екі жеңілісті ол карьерасын енді бастап келе жатқанда тапса, үшінші жеңілісін Нэйт Диастан тапты.
 
Айтулы жекпе - жектің билеттері әлдеқашан сатылымға шығарылды.
Мұндағы ең арзан билеттің құны 2200 доллар болса, ең қымбат билеттердің құны - 70 879 доллар екен. Ең қымбат тилеттер рингсайдта орналасқан.
 
Көпшіліктің пікіріне сүйенер болсақ, әлем халықтарының 90%-ы Мэйвезердің жеңісіне сенімді.
Спортта өз ізін қалдыра білген танымал тұлғалардың пікіріне сіздер де назар аударыңыздар:
 
    Оскар Де ла Хойя:
Ең мықты боксшы ешқашан кәсіби рингке шықпаған адамды жеңетіні онысыз да белгілі, осыдан кейін біздің спорт түрімізге құрмет болмайды"
     Рикки Хаттон:
"Мен оған соққымды дарыта алмадым. Оскар Де Ла Хойя да оны жеңе алмады. Тіпті "Канелоның" оны жеңуге шамасы жетпеді. Сондықтан да МакГрегор оны жеңеді дегенге сену қиын. 
 
Жекпе-жектен не болуы мүмкін. Менің ойымша тартысты жекпе-жек болады. МакГрегор менің жақсы көретін спортшыларымның бірі. Жүрегіме ерік беретін болсам, ирландиялық спортшының тілеуін тілеймін. Бірақ ақылға салатын болсақ, Конор Флойдтан айласын асыра алмайтынын білесің"
 
     Майк Тайсон:
      "Мэйвезердің Макгрегормен кездесуіне қатысты айтсам, ол сүреңсіз болмайды деп ойлаймын. Алайда Конордың еш мүмкіндігі жоқ, әңгіме Флойдтың қаншалықты жылдам жеңетіні жайында болып тұр»
 
       Қуат Хамитов:
"Р4Р үздік боксшысы ММА-ның ең мықты спортшысына қарсы шығады. Бұл дегеніміз кезінде Әлидің жапониялық спортшыға қарсы ММА әдісі бойынша шыққаны туралы еске түседі. Ал жекпе-жек туралы айтатын болсақ, Мейвезердің басым түсетіні айдан анық.МакГрегор бір раундтық кездесулерге дағдыланған, ол үшінші-төртінші раундта бойының және қолының ұзындығын пайдаланып жақсы соққылар жіберуіне болады. Сонымен қатар, ол солақай. Егер кездесу төрт раундтан асатын болса, біз онда бір спортшының екіншісін күл талқанын шығарғанына куә боламыз. Бұл құдды әкесі баласын сабағандай болады. Қорытынды туралы айтар болсам, Флойд дискваликация арқылы жеңеді, себебі МакГрегор соққылардың барлығына шыдап тұра бермей, ережені бұзып өзінікін жасайды"
 
    Генадий Головкин:
    «Меніңше, бұл шоу. Үлкен коммерциялық шоу. Басқа не екенін білмеймін. Бұл – бокс үшін масқара»
              
       Абель Санчес:
"Бұл фарс. Бұл дегеніміз әуесқойдың біздің эрамыздағы ең мықты боксшылардың бірімен жекпе-жекке шығуы. МакГрегор ешқашан кәсіпқой рингте жұдырықтаспаған. Егер Майдана, Кастильо, Берто - осы есімдер, Мейвезер жекпе-жекке шыққан адамдар оған қарсы ештеңе істей алмағанда бұл м***к (нақұрыс) не істей алады? Олардың жекпе-жегі боксқа кері әсерін береді"
 
   Мэнни Пакьяо:
  - Бұл қызықсыз кездесу болады, себебі МакГрегордың жеңіске деген үміті тым аз." 
  
  Міне, бірнеше танымал тұлғалардың айқасқа деген болжамдары осы.Жанкүйер ретінде мен де Мэйвезердің жеңу көрсеткіші жоғары деп ойлаймын!
 
Әрине, бәрін уақыт шешеді,мүмкін мүлде басқаша нәтиже болар?!
  Ендеше, 26 тамызды күтейік!