Талмай қанаттаныңдар (Байқау)

Талмай қанаттаныңдар (Байқау)
жеке
блог
Қадірлі Массагет сайтының оқырмандары! "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы басталғалы сырттай бақылап жүрмін. Есімім-Мерей. "Кемеңгер" тобының жанкүйерімін. Бұл топтағы қыздардың таныстыру мақалалары байқау басталған күннен бастап шығып үлгеріп жатыр. Қыздардың жауапкершіліктері мен шапшаңдықтарына тәнті болып, осы блогты жазуды жөн көрдім. Бұл байқау болғандықтан "жағылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ" болмасы анық. Дегенмен "Кемеңгерлік" қыздарға тек сәттілік пен жеңіс тілеймін. Сөзге шешен , алға мақсат қоя білетін жандарды жақсы көремін. Айсұлудың қырағылығымен Айдананың сөзге шешендігіне, Әселдің өмірлік ұстанымына риза болып отырмын.