Әшекей қыз
жеке
блог

Әшекей қыз

Байқаған боларсың, " киімі бүтін", сондай-ақ "киімі бүтін емес" қыздар бар. Біреулері сән әлемінен хабардар болса, екіншілері, мүлдем сән қумайды. Бірақ, ең бастысы, талғаммен киінген жөн. Сән  әлемінің патшайымы - Коко Шанель "Мода өтпелі, стиль ғана тұрақты", - деген екен. Қиял мен мөлшер шамасын үйлестіру арқылы өзіндік дара стиліңді қалыптастыруға болады. Ең бастысы, атаулы киімді қай жерге, қандай мақсатта киетініңді ескерген жөн. 

Киім саған жарасымды болып, көңіл-күйіңді көтеруі керек. Сенің дене бітіміңнің артықшылықтарын айқындап, барлық кемшіліктеріңді жасыруы тиіс. Мысалы, толық денеге - бөкебай (шарф), манжет, жаға, ірі әшекей бұйымдары сияқты қомақты заттар жақсы үйлеседі. Қысқа, әрі тырысып тұратын жеңдер мен кең белбеулер ұсынылмайды. Бойың аласа болған жағдайда тым  ұзын немесе қысқа киімдерден, ірі әшекейлер мен сөмкелерден алыс жүргенің абзал. Бойың ұзын болған жағдайда үлкен ойықты, кең белбеуді, жағасы үлкен жейделер мен свитерлерді, көлденең қимасы бар бұйымдарды таңдаған дұрыс.

Есте сақта! Әрдайым әдемі болып, өзіңнің стиліңді сақтау үшін киетін киімдерің бірімен-бірі үйлесіп тұруы тиіс.