Елбасы-ел мақтанышы
жеке
блог

Елбасы-ел мақтанышы

Елбасы – ел мақтанышы. Елбасымыз – еліміздің, біздің мақтанышымыз. Ал біздің еліміз-Елбасымыздың мақтанышы. Әрбір азамат өзінің еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті туған жеріне адал қызмет етіп қана көрсете алады. Ұлтына, халқына адал қызмет еткен ел көсемдері мен басшыларын халқы да ардақ тұытып, есімдерін мәңгілік ұмытпайды.

Біздің Елбасы қандай іс-шаралар өткізбесін, қайда іс сапармен бармасын мұның барлығы –ел тыныштығы, сол елде мекен етіп, өмір сүріп жатқан баршама халықтың бейбіт өмірі мен бірлігі үшін жасайтын ерен еңбектері.

Міне, биыл Тәуелсіздіктің 26 жылдығы, біреулер үшін бұл аз уақыт, ал кейбіреулер үшін ұзақ уақыт. Бұл мерзімнің аз немесе көптігі елімізде болып өткен оқиғаға, асып өткен асулар мен меңгерілген белестерге байланысты. Әрбір қуаныш Елбасымызбен қуанғанымыз, әрбір өкініш Елбасымен бірге ойландырған сәттер.

Ең алғаш Тәуелсіздіктің шамшырағын жаққан күннен бастап, Президентіміз дағдарыстан күйзелген халықтың жағдайын жақсарту мен елдің экономикасын қалай қалыптастыру жолдарын іздестірді. Өзіне үмітпен қараған, Қазақстанның болашағы қандай болар екен деген күдікпен оянатын халыққа ең бірінші Тәуелсіздік бізге не берерін түсіндіре білді. Бірнеше айлап жалақысын алмаған жұмысшылар мен қызметкерлерге үміт отын сыйлады. Түрлі жоспарлар құрып, шетелдерден инвесторларды шақырып, оларға жеңілдіктер жасай отырып, елдің экономикасын көтере бастады. Кешегі өткен Білге қағандай «күні-түні ұйықтамай, елімді қалай көтеремін» деп мазалаған ойлардың шешімін іздестірді.

Осындай ойлармен арпалысып жүрсе де, жылдар бойы қазақтың қайғысы мен мұңына, жан жарасы мен дене жарақатына айналған Семей атом сынақ полигонының жұмысын тоқтатып, көптің алғысы мен халықтың ырзасына ие болды.

Бұл жөнінде бүкіл әлемді уысында ұстағысы келген алпауыт мемлекеттің 2008-2016 жылдар аралығында президенттік қызмет атқарған Барак Обаманың өзі: «Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев әлем көшбас-шыларына ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үлгі бола алады. Қазақстан бүкіл әлемге ядролық қарудан бастарта отырып, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің озық үлгісін көрсетті »-деп мойындаған еді.

Себебі, ядролық қарудың салдарын тартқан Жапония мемлекеті 70 жылдам астам уақыт өтсе де, қасірет пен қайғыдан әлі арыла алмай отырғаны осының дәлелі.

Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,

Ұрандап атқа қонсаң бір.

Дүние дүр сілкінер деп айта алам.

Сонда менің болмас еді-ау арманым.

Арнар едім, сол елімнің жолына,

Мына қысқа ғұмырымның қалғанын- деп кезінде жырлап өткен, қазақтың азаттығы үшін күрес жолында құрбан болған Әлихан Бөкейхановтың, қазақ тілі мен қазақ әліпбиінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының, «Оян, қазақ» деп надандық түнегінен шығуды уағыздаған Міржақып Дулатовтың ,т.б. Алаш арыстарының есімін еліне қайта оралуына, халықтың рухани қазынасына қайта ие болуына үлес қосқан да - Елбасымыз еңбегі. Шындық пен ақиқатты білмеген ұрпақ, өз жолын дұрыс таба алмай, өз тарихын дұрыс зерделей алмайды. Тарихымыздың «ақтаңдақтарын» жас ұрпаққа дұрыс түсінуге мүкіндіктер беріп, Алаш арыстарының есімдері мен халқына еткен ерен еңбектерін жаңа қырынан көрсетті. Әлихан атамыз армандағандай бар «Алаштың ұрпағы ұрандап атқа қонып, дүниені дүр сілкіндірудің» ғасыры басталды

Астана қаласының орналасқан жері- Сарыарқаның бел ортасы. Сарыарқа -кезінде өз төрінен талай қырғын мен талай көшпенділікті өткізіп , қанды қырғындар мен қайғылы оқиғалардың куәсі болған мекен.Желмаясын желдіріп, халқына құт мекен іздеп арманда кеткен Асанқайғының толғауын естіген, Абылай ханның қазақтың бірлігін сақтауды уағыздап үш жүздің басын қосуға жиын өткізгенін көрген, хан Кененің бодандықтың тұзағын үзбек болған күресімен күңіренген жер. Сар даласында дауылы толастамаған, желі тынбаған осы мекенді жасыл аймаққа айналдырып, Еуразияның кіндігіне айналдырған да Елбасымыз. Осыдан 26 жыл алдынғы қала күре тамырымен өзгерген десем де болады. Рас, бұрынғы Целиноград аталған қаланың белгісіндей болып, қаланың оң жағалауында орналасқан үйлер әлі де кездеседі, бірақ бұл уақыттың еншісінде, әлі талай өзгерістер мен талай өзгерулер болатынына сенімдімін. Себебі, Елбасымыздың көрегендігі мен болжам жасау қабілетінің жоғары деңгейде екенін көреміз. Бұл тек менің пікірім ғана емес, бұл туралы шетелдіктердің өздері де мойындайды. Атап айтсақ, Корея мемлекетінің экс-президенті Ли Мен Бак:

«Астана – әлемдік деңгейдегі әкімшілік қалаларды салудың үлгісі. Қысқа уақыт аралығында сіз осындай тамаша Астана құрдыңыз. Осының бәрін сіздің болашақты болжай және басқара алу қабілетіңізге байланысты» -деген пікірінің өзі дәлел.

Қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы тиіс»-деген аталы сөзін өзіме қағида етіп, Елбасымыздың ұлтымызға, туған жеріне

жасаған еңбектері мен ерен ерліктерін саралай отырып, Президентіміздің өз ұлтының адал перзенті бола алғанын сеніммен айта аламын.