"Маxаббатпен жаратқан адамзатты..."

"Маxаббатпен жаратқан адамзатты..."
жеке
блог

"Маxаббатпен жаратқан адамзатты..." 
Ол- шарана, сәби, нәресте- анасының құрсағынан шықпай жатып-ақ анасын жақсы көреді. Содан кейін әкесін танып оны да жақсы көреді. Бауырларын, атасын, әжесін, туыстарын танып- біліп, бәрін-бәрін риясыз жақсы көретін болады. Бала маxаббаты шексіз. Анасы сәл бұрылып, алыстап кетсе, іздеп сағына бастайды. Сағынышы- жылау. Оны көргенде кеудесі қуанышқа толып жұбанады. 
Ал жетім бала өзіне болмысынан берілген маxаббаттын кімге арнайды, кімге бағыттайды? 
Сағынышы сарғайып, үмітін үзбей күтеді туыстарын. Оның арты уайымға айналады. Уайымы уақыт өте қайғы, депрессияға ұшыратады. Содан кейін өзін осындай күйге салған ата- анасын жек көріп, қатыгез, тасбауыр мінез қалыптасады. 
Өзі шексіз жақсы көретін анасы мен әжесінен аяқ - астынан айрылған бес жасар балалардың қайғыдан шаштары түсіп қалған. Оқиға әр жылы болған. Бірақ ұқсас тағдыр. Туыстары келіп: "әне алып кетемін, міне алып кетемін" деп ақыры сиырқұйымшықтанып келмей кетеді. (Олардың да бір себебі бар шығар. Кіналамай-ақ қояйық). Оның нәтижесі- балалардың үмітін үзіп, үлкендерге деген сенімін жою болды. Олар ешкімге сенбейді.
Әке... Әкелері қайда балалардың? 
Олар тірі. Аман-есен. Өз күндерін көріп жатыр. Олар құжатта көрсетілмеген ғой өйткені. 
Кімді кіналайсың? Намыссыз, жігерсіз еркекті ме, жоқ әлде сондай әкелерге жаза кеспеген қоғамды ма? 
"Барынан жоғы жақсы" деген бар ғой.