Балалар үйінен жетім балаларды алғанымызға төрт ай болды
жеке
блог

Балалар үйінен жетім балаларды алғанымызға төрт ай болды

Төртінші ай дегенде үстімдегі ауыр жүк жеңілдегендей болды. Жоқ, əлде осы қалыпқа бойым үйренісіп қалды ма? Жүрегім енді жай таба бастағандай.
Дүниедегі ең үлкен жауапкершіліктің бірін мойныма өмір бойына артқанымды сезінгенде қорқынышта елеңдеп кететін.
Əрине, бес бірдей жетім баланы балалар үйінен алып, оларға "жақсы тәрбие бере алатын ана боламын" деп белді бекем буу, жаныңда жақсы жарыңның болғанының арқасы.
Ұзақ уақыт бойы пісіп жетілген ой аз уақытта шешіле салды. Өзіміздің сегіз баламыз бен немерелеріміздің үстіне тағы да бес бала деген...
Мен бұл жерде : " не үшін алдық балаларды, қалай, неге" деп түсіндіріп жатпаймын. Мұсылман ел өздері де біледі. 
Жолдасым екеуміздің əңгімеміз бен ісіміз балалардың қылықтары- жаманын жойып , жақсысын арттыру.
Айтпақшы, айта кетейін, балаларымыз дың үшеуі орыс ұлтынан. Мен өзімді "ұлтшыл" дей қоймаймын. Дегенменде, өз ұлтымыздың қанмен берілетін қасиеті барына көзім жетіп келеді. 
Қаламыздағы балалар үйіндегі (бұдан ары-ДД (БҮ)) тəрбиеленушілердің 80 пайызы орыс ұлтының балалары. Олардың ішінде басым көпшілігі əлеументтік жетімдер. Яғни, ата-аналарының бірі не түрмеде, не ішкіш, жағдайлары төмен емес - жаман деуге жататын отбасынан. Тіпті əке-шешесінің өзі баласын "тəрбиелей алмаймыз, баға алмаймыз" деп өткізіп тастайды екен. 
Қазіргі уақытта арамызда осындай отбасылар қазақтарда да жеткілікті. Бұндай адамдар негізінде діннен бейхабар болатыны белгілі.
Тағы да айта кеткім келіп тұрған мəселе - мода боп кеткен "гражданский брак". Мəселен: менің жоғарыда айтқан үш балам мүлде бір -біріне ұқсамайды. Түрлеріне қарап үшеуі үш ұлт өкілі деп ойлайсың. Шешелері сол бірнеше гражданский бракпен бірнеше бала туады. Əкелері құжат бойынша көрсетілмейді. Еңғұрмаса біреуі жауапкершілікке тартылмайды. Ақырында балалар тастанды жетім болып қала береді. Некесіздіктің соңы осылай аяқталады. 
Бұл тек бір ғана оқиға...