Ярко Кросс-2017

Ярко Кросс-2017
жеке
блог

Өткен демалыста Медеу спорт кешені түрлі-түсті бояуларға толы болды. Биыл 5 рет «ЯРКОкросс-2017» шарасы өтті. 3,5 шақырымнан тұратын марафонға 10 мыңға жуық адам қатысты.

Марафонның басты талабы қатысушы 5 түрлі түсті қауіпсіз бояулардан тұратын бұлттар арасынан жүгіріп өтіп, мәреге жарқын болып келуі тиіс. Мәреге келген әрбір қатысушы TURAN компаниясынан минералды су мен лимонад сусындарын алды.

Марафонда жиналған қаражат "Посади Дерево" қорына жолданады. Нәтижесінде, "Алматы хайуанаттар бағы" МҚКК аймағында 500-ден астам ағаш көшеттері мен бұталы өсімдіктер отырғызылатын болады. 

Сондай-ақ, биыл Ярко Кросс-2017 шарасы Алматыда ғана емес, Астана, Шымкент, Қарағанды, Бурабай,Павлодар, Ақтөбе қалаларында өтетін болады.