Спиннер деген не немесе асық ойнаңдар
жеке
блог

Спиннер деген не немесе асық ойнаңдар

"Қазақ осы еліктеуге құмар" деп ойлайтынмын бұрын. Сөйтсем олай емес екен. Тек қазақ қана емес мұқым адамзат еліктегіш келеді. Бұл мені осы жасқа келгендегі тұжырымым. Бұған себеп болған айналмалмалы ойыншық "спиннер". Біреудің қолынан жаңа нәрсе көрсек, қол жеткізгіміз келіп құмартып тұрамыз. Сол затты алғанша жанымыз жәй таппайды. Бұл блогты осы жылдан бастап танымал бола бастаған "спиннер" "ойыншығына арнаймын.

спиненр

ип

 Әлгі ойыншық 1990жылы Кэтрин Хеттингер ойлап тапқан екен. Ол The New York Times газетіне берген сұхбатында: "Израилдегі араб балаларының сотқарлығын көргеннен кейін шабыт алдым, ойыншығым полицейлерге тас лақтырып жүрген балаларды тыныштандырады,- депті. Бірақ The Guardian газетіне басқаша сұхбат берген айтуынша: аутизммен ауыратын қызына көңіл бөле алмапты. Сондықтан осы ойыншықты ойлап таптым,-дейді ғалым. Бұл ойыншықтың танымал болғаны сонша Амазон сайтының зерттеуінше, ең сатылымды 20 ойыншықтың қатарына кірген. Тіпті 2016 статистика бойынша қоқыс лақтырушылармен де теңескен көрінеді. Нью-Хэмпшир сынып жетекшісінің Boston Globe газетіне берген сұхбатында: қысқы демалыстан кейін менің 2-3 оқушымының қолында болған. Кейін қолдан қолған тарап танымал бола бастады,- дейді мұғалім.


 

Дегенмен бұл ойыншықтың қандай сиқыры бар. Шынымен стресске қарсы ойыншықтар қатарына жата ма? Ғалымдардың пікірі бойынша бұл ойыншық, гипербелсенді, және аутизммен ауратын баларға арналған екен. Сонымен қатар тек барлық адамдарға қоғалыс көрінісінің ләззатын сыйлайды екен-мыс.

ро



Шет елді қойшы! "Спиннер" қазіргі таңда Қазақстанға да келді. Қазақ балалары көшеде жүріп асық ойнаудың орнына осы ойыншықты айналдырып әлек. Ата- аналары бетін қақпай сатып алуына қарағанда жап- жас бала стресске душар болатындай не жағдай болды екен деген ой маза бермейді. Әй Сол баяғы еліктеушілік қой қазақтың "басқа баланың қолында жүр неге менің балам ойнамайды" деген "жалған намыс" Балалырымызға дұрыс ойыншық алып бере білейік. Болмай бара жатса ауылға ата- әжесінің қолына апарып тастау керек. Таңнан кешке дейін ойнап бір жылғы құмарын қандырып қайтады.