Балаларға базарлық
жеке
блог

Балаларға базарлық

Күні кеше 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесі атап өтілді. Бірақ, бұл мереке бір күнмен ғана шектелмей, жалғасын тауып келеді.

Мерекелік тарту ретінде Henkel мен Gorenje компаниялары Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйіне үлкен сый жасады. Ыдыс-аяқ жуатын машина, тұрмыстық химиялық заттар мен жеміс-жидектер балаларға арналған базарлық болды.

Балалар үйіне сыйланған «SmartFlex» жаңа техникасы энергия мен суды үнемдейді, ал Persil, Losk, Vernel, Perwoll, Pril, Bref тұрмыстық химиялық заттары да табиғи ресурстарды аз пайдалану үшін арналған.

«Нұр» үйінде қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ана мейірімінен айырылған балалар тәрбиеленеді. Балалар сый ғана қабылдап қана қоймай, өздеріне қажет ақпарат ала білді. Henkel компаниясының қызметкерлері балаларға табиғатты қалай қорғау екенін, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану керектігін айтып түсіндірді. Сондай-ақ, балалармен әр түрлі тақырыпта әңгіме құрып, бірге қызықты ойындар ойналды.

Мерекелік тарту балалардың көңілдерінен шықты. Қасиетті Рамазан айында осындай қайырлы істер атқарған абзал деп санаймын!