Жылайды...
жеке
блог

Жылайды...

Шайыр даланы құлазытып,
Жотасынан мұң ағызып.
Айшықты қоршау, төмпешіктен,
Шығады біреу, жас тамызып...

Туылған сәтте-ақ,
Жылайды ол,
Жылайды ол тағыда...
Жарықтықты көрген үшін тағдырға!

Сәл өседі, жетіге жасы келгенше,
Қаз-қаз басып өз күшімен жүргенше.
Жерден әрі жетпіс таяқ жейді олар,
Есі кіріп, түзіу жолды білгенше...

Жылайды ол-
Білмей кейде сабақты,
Ұрысады, жұлқылайды тым қатты.

Қызғаныш пен намыс оны жылатты,
Жан жолдасын жығып жолға құлатты.
Көтере алмай өмір берген сынақты,
Әрең-әрең, "әттеген"- деп шыдатты.

Жылады кім, және тағы не үшін?
Жұқарды деп жаяу жүріп кебісім.
Қанағатты, һәм сабырды ес қылмай,
Көре алмады, адал еңбек жемісін...

Жылады ол-
Қоштасып, бауырынан,
Мұң сілкінді, жәй емес ауырынан.
Ойлағанда, тепшініп-терлеп кетті,
Болса менде тізімде жаман күнәм...

Жылмады ол-
Басқалар бүгін жылады.....