Эстафета. Анкета. Айжантабын.

 

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Атым – Айжан, Мұраттың қызымын. Жасым 25-те.  Астанада тұрамын.

2. Хоббиің не? 

Фотография. Әндерге аударма жасау. Сурет салу.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Бұрын Үндістанға барғым келетін, бірақ Бальзаминканың жазбаларынан кейін бар ниетім жоқ болды. Қазір тек өркениетті, дамыған елдерге барғым келеді.

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)? 

Қара пантера болғым келер еді. Өзіндік бір философиясы бар жыртқыштардың сыртқы сұлулығы да,өжеттілігі де, өзге мысықтұқымдастардан ерекшелігі де мені қатты тартады және таң қалдырады.

5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің? 

«Бәрі де өткінші». «Бұйырғаны болады». Бір адам, бұл әлсіздердің өзін ақтап алу үшін айтатын сөздері дейді, мойындаймын – әлсізбін))))

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме? 

Есімде, елге жайып айтатын әңгіме деп есептемеймін. Мақтанатын дүние емес.

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жауапсыз қалдырсам деймін. Білетіндер білер, білмейтіндерге бәрібір емес пе)))))

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Фанат емеспін, кумирларым жоқ. Алайда, әншілерден Мейрамбектің және Тони Брэкстонның даусын, әртістерден – Хелена Бонэм Картер және Айгүл Иманбаеваның шеберлігін жақсы көрем. Толығымен аполитичнаямын, сол себеп саясаткерлерді танымаймын.

9. Сүйікті спорт түрі?

Қазақ спортшыларын қатысатын спорт түрінің бәріне жанкүйермін. Олимпиада мен әлемдік чемпионаттар кезінде бәрін бәрін қызықтаймын. Өзіме үлкен теннис ұнайды.

10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

«Шиндлер тізімі». Бір көргеннен жүрегіме қатты тиді. Адамгершілік ұлт танымайтындығы жайлы, ҰОС кезіндегі еврейлердің қудалануы жайлы әсерлі фильм. Тарихи фильмдерге құштарлығым жоғары.

11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Патриархатта тәрбиелендім, мен үшін бұл сұрақ сұрақ емес)))))))

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Отбасыға байланысты деп есептеймін. Кейде, ата-енесімен тұратындар ақшасын енесіне табыстайды, кейде әр кім өз ақшасына ие, екі жақтың келісуіне орай. Менде қалай болатынын әлі білмеймін. Уақыт көрсетеді)))

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Сүйіктім – күйеу болса, бармағанда қайда кетесің)))) Сүйіктім – жігіт болса, бармаймын.

14. Адамның өзін-өзі бағалауы, оның рухани дамуымен байланысты ма? Әрине. Өзін –өзі жоғары бағалау, менмендік, тәкәппарлық – рухани мүгедектердің ауруы. Адам баласының өзіне деген көзқарасы, алдымен бала кезден қалыптасады: отбасындағы орны, махаббат пен сүйіспеншілікті сезінуіден бастау алады деп есептеймін. Жақсы тәрбие көрген баланың өзіне де, өзгеге де баға бергенде мәселе туындамауы тиіс деген ойдамын.

Келесі анкета толтырушыға сұрақ: Сізге, дал қазір, бақытты болу үшін не керек?

Кезекті Айдосқа ұсынам, тағы да біреуге переұсынып тастамаса)))))



Бөлісу: