"Ырылдарсың, қаппассың, менен артық таппасың" немесе "Французша ажырасу"
жеке
блог

"Ырылдарсың, қаппассың, менен артық таппасың" немесе "Французша ажырасу"

Бүгін еліміздегі барлық кинотеатрларда «Французша ажырасу» («Развод по-французски») фильмінің көрсетілімі басталады. Бұл фильм 2015 жылы жарық көрген «Любовь вразнос» фильмінің сиквелі. Кеше «Star Cinema» мен «Meloman-Аfisha»компанияларының ұйымдастыруымен жаңа комедияның көрсетілімі болды.

4 баланың ата-анасы Винсент пен Флоранс біраз уақыт бұрын ажырасып кеткен. Екеуі бөлек тұрғанымен үйлері жақын. Карама-қарсы үйлерде тұратын олар балаларының тәрбиесімен бірге айналысады. Екеуінің өзара қарым-қатынасы да жақсы. Бірақ, әкесінің жаңа қалыңдығы мен анасының жаңа жігітіне үш баланың көңілдері толмайды. Винсент пен Флоранс та бұл жағдайдың орын алғанына мәз емес. «Ырылдарсың, қаппассың, менен артық таппасың» дегендей, бұрыңғы ерлі-зайыптылар балалары үшін отбасылық мәселелерді шешуге кіріседі


Қызықты комедияның ұзақтығы 1,5 сағат. Алайда, бұл уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Француз халқының әзілі ерекше. Фильм отбасылық құндылықтарды, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген пейілі, құрметі жайлы баяндайды.

Көңілдеріңізді көтергілеріңіз келсе, міндетті түрде киноға барыңыздар.