Ел болашағы ұрпақта!

Ел болашағы ұрпақта!
жеке
блог

Бала күнің бал күнің,
Оралмайтын шаттығың.
Биік болсын Алашым,
Ұрпағыңмен шоқтығың.

Есіңде ме балалық,
Қызығы көп шалалық.
Ұрпағыңмен өркендеп,
Тұғырлы ел болалық.

Балалы үй дәулетің,
Жарасқан әз сәулетің.
Үйдегі ұл-қыздарың,
Кеңге жаяр әулетің.

Жандану үшін сарайың,
Ұрпағыңмен толайым.
Ел болуы ұрпақтың,
Өзімізден ағайын.

Болу үшін елің нық,
Ұрпағыңа сенім нық.
Ертеңгі ел- баламыз,
Көрмесінші жетімдік.

Ұрпағыңмен жарқын-ау,
Өмір деген жол мынау.
Баламыздың бақытты,
Өзімізден халқым-ау.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.