Алаш үшін

Алаш үшін
жеке
блог

Намыс,ардың азаттығын,
Қазақтың-ау ғажаптығын,
Сақтау үшін күрескендер.
Кетпеу үшін тезгісінде,
Бодандықтың езгісінде,
Жатпау үшін күрескендер.

Бүгінгіні салмақтап-ай,
Ел ертеңін қорғаштап-ай,
Мың қазақ боп күрескендер.
Жанын беріп халық үшін,
Еркін күннің жарығы үшін,
Бір қазақ боп күрескендер.

Алға қойып ұлт арманын,
Ойлап озат ұрпақ қамын,
Баласы үшін күрескендер.
Надақдықпен тірескендер,
Өзін беріп күрескерлер,
АЛАШ үшін күрескендер.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.