Жолы болғыш Джек
жеке
блог

Жолы болғыш Джек

«Esentai Kinopark» кинотеатрының IMAX залында аталмыш компанияның ұйымдастыруымен "Кариб теңізінің қарақшылары: Өлілер ертегі айтпайды" ("Pirates of the Caribbean: Dead Men Tell No Tales") фильмінің көрсетілімі өтті.

«Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің бесінші бөлімінде белгілі режиссерлер Хоаким Роннинг пен Эспен Сандберг Шымшық Джектің кезекті шытырман оқиғасын баяндайды. Одан бөлек Капитан Салазар, Гектор Барбосса, Генри Тернер, Карина Смит сынды басты кейіпкерлербұрыннан бері келе жатқан кектің құрбанына айналып, ашық теңізде жүріп небір қызыққа толы болады.

Фантастикалық экшн бірінші секундтан бастап қызықты сценарийімен баурап алады. Романтикалық сәттер де бар. Көпшіліктің сүйікті кейіпкері Шымшық Джек экранға қайта оралды. Атақты пираттың жаңа фильмде де жолы болды. Фильмді міндетті түрде 3D форматта немесе IMAX залында көргеніңіз жөн.