Кезекті күнделік
жеке
блог

Кезекті күнделік

Күнделік. 12 мамыр жұма.

Мамыр айының орта кезі. Ауа-райы әлі де көктем болайынба жоқ деп құбылып тұр. Көктем екенін тек қана гүлдеген ағаштардан ғана байқаймыз. Жел тұрса желмен жерді көмкеретін көркем күлтелерінің иісі құтты бір бойжеткеннің жұпар иіспен жаңа жуылған қос бұрымының иісіндей. Күндіз аяғасты қапырық ыстық бола кететін адам толы көшелермен кете барсаң құтты бір жердегі асфальт бір нәрсеге көңілі толмағандай бұрқ етіп шаңмен көтеріле қалады. Осындайда бір жаңбыр жауа қойса дейсің. Сіркіреп тұрып жауып мына көшелердің барлығы оны шөлі қанғандай өзіне сіңіріп, тамаша иісін ауаға араластырса. Ия, барлығымызға жаңбырдан кейінгі иіс ұнайды. Өйткені ол бәлкім бір жерден оқып едім ол аспан иісі деген тәрізді. Аспанда иіс болушы ма еді? Жоқ, онда біз көкке қарап ұшқыш болуды, ғарышкер болуды армандаған қиялдарымыз бар. Онда Ана, Әжелеріміздің қанағат тұтып тәубе еткен дұғалары бар. Мүмкін адам жаны да қайтыс болған соң аспанға ұшатын шығар? Ол жағы көлден асқан көп пікірталас бірақ бір дәлелді көзқарас жоқ. Ия, бізге белгісіз нәрселер, дүниелер көп қой. Қайсібіріне бас қатырып үлгересің? Осындай ауа-райы болғанында тек алай-түлей қатты құтырық жел көшелердің бұрыш-бұрышын шашып тастамаса ғой деп тілеймін. Сол әр бұрышта бір-бір Күлшеқыздай жүрген қарт тарамыс тарамыс қолдарына екі қолға бір күрек деп жүрген ата-әжелеріміз бар ғой. Олар кейде өткен кеткен, сөмкесі өзінен үлкен мектеп оқушыларына сабақ оқы оқымасаңосылай көше сыпырып жүресің дейтін. Бұл кезде көп оқыған емес, көп қимылдаған жылпылдақтар жеңімпаз келетінін қайдан білсін? Қандай ауа-райы болмасын үнемі дүниедегі барлық адмдардың көңіл-күйлері жақсы көтеріңкі болса ғой. Бір-бірімізге жылулық таратсақ, теледидардан тек қана бүгін ешқандай да оқиға болған жоқ, барлығы жақсы деп хабарласа ғой. Ең қатты жаным ашитыны емделу қаражтына кететін ақашаның нөлдерін тіпті өзі көтере алмайтын сәбилер,бүлдіршіндер, олардың кішкене жүректерінің әрбір деміне жауапты Ана жүрегі... Мамыр айының ауа-райынан бастап, Ана жүрегінен аяқтаған менің шашыраған ойларым. Аспанға қарап көп қиялдайық, төрін жарған ғарышкер не ұшқыш болмасақта жердің бір арманшыл тұрғыны болайық. : )