Сіздің мінезіңізді анықтайтын ең оңай сауалдың жауабы
жеке
блог

Сіздің мінезіңізді анықтайтын ең оңай сауалдың жауабы

Өткен жолы бір сауал жүргізген болатынмын, енді бүгін соның жауабын айтатын кез келгендей. Сіздер таңдаған үш жануардың да ерекше орны бар. Осыған сәйкес, сіздердің бірінші таңдаған жануарларыңыз сіздің өз өзіңізді қалай көретініңізді айтады, яғни арыстан деп таңдасаңыз сіз өзіңізден сол арыстанның бойындағы қасиеттерді көресіз.

Ал екінші таңдаған жануарыңыз сіз туралы айналаңыздағы адамдардың ойын айтады. Мысалы, қасқыр десеңіз діттегеніне жетпей қоймайтын , қайсар адам көреді. Үшінші жануар болса сіздің шын мәніндегі болмысыңызды анықтап береді. Бұл дегеніміз ит десеңіз адал, өзгелерге қорғаныш бола алатыыныңызды білдіреді.

Өздеріңіздің осындай қасиеттеріңізді бұрын  соңды байқадыңыз ба?! Ұнаса келесі жолы тағы бір сауал дайындармын, пікір білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін)

демалысБұл өсімдікті әр жылы көктем айының соңғы кездерінен бастап жаз бойы көрсек те кереметін дәл осылай байқамайды екенбіз. Табиғаттан шабыт алып, әр күніңізді шаттыққа толтырыңыз!