Дос болам десең...
жеке
блог

Дос болам десең...

   Достық ұғымы теңізден терең асу алып жатыр.Дос-таразыға тартылмайтын,ақшаға сатып ала алмайтын,теңдесі жоқ байлық.Достың үш түрі бар.Олар:тұмсықтан қан шыққанша,қалтадан мал шыққанша,кеудеден жан шыққанша.Достық ұғымын қадірлейтін азаматтар бүгінгі күнде аздық етуде.Досы көпті жау алмас.Бірге ойнап күліп жүрген жолдасыңнын күндердің күнінде сатып кетпесіне кім кепіл?! Дос табу оңай болғанымен,оны сақтау қиын.Бір-біріне деген сенімдері беріктей темір,болаттай қатты болған достардың сенімдері мықты болмақ.Себебі:сенім бар жерде достық жалыны да бар.Әрдайым бір-бірі үшін жан ұшыра әр іске дайын болып,жан бауырлардай жанын бере салуға әзір жандар шын дос деп есептеуге болады.Халықта "Алтын берген-дос емес,ақыл берген дос"деген мақал тектен текке айтылмағаны анық.Достықты ешнәрсемен сатып ала алмайсын.Нағыз достық кісіге шабыт беріп,өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға,басқа түскен қайғы мен қиыншылықтарға жәрдемдесуге көмектеседі."Дүниеде адамның жалғыз қалғаны-өлгені,қайғының бәрі соның басында.Дұрыс дос таңдай білу-өмірлік қасиеттердің бірі.Өмірге деген көзқарасы ортақ,дүниетанымы деңгейлес,әрі бір-бірімен деңгейлес жандар бір-бірімен жан дос бола алады.