Нағыз ару боламын десең...
жеке
блог

Нағыз ару боламын десең...

  "Сұлу" деп қазақта келбеті келіскен әйелді айтады. Ай көркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді "ару" деп атайды. Халқымыз қыздарын ару болсын деп "Айару", "Аружан", "Аруназ" деген есімдерді ырымдап кояды. Ал, ару қыз қандай болуы шарт?

   Әзілхан Нұршайықов атамыз ару қыздың бейнесін "Махаббат, қызық мол жылдар" романындағы кейіпкер-Меңтай бейнесі арқылы көрсете білді. Меңтай ай жүзіне ақылы сай ару. Ол шығармада қызға сай ережелерді апасының айтуынша былайша қойын кітапшасына жазып алған:

1. Халықта "Есті қыз етегін қымтап ұстайды" деген мақал бар. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек

2. Қыз бала ешкіммен барқылдап ұрыспағаны абзал, бағасын жояды

3. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр

4. Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал

5. Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету-одан да қымбат

    Кез-келген қазақ қызы Меңтайдай болуы керек. Қанша жерден сұлу бола тұрып, оған сай ақыл болмаса, сұлулыққа сатылғаныңыз бекер. Егер жоғарыда айтылған талаптарды бойыңызға дарытсаңыз, қол жетпейтін "нағыз ару" атануыңыз оңай болмақ