Президентке тілек

Президентке тілек
жеке
блог

    Аса құрметті Елбасы,Нұрсұлтан Әбішұлы!

   Мен,Сәтекова Мәдина,Тараз қаласы,Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысымын.

   Әрбір адамның өмірге келу себебі-орындауға тиісті миссиясының болуы екендігі баршаға аян.Ал,сол миссия адам өмірінің мәні,мақсаты болады.

   Ендеше,менің де таңдаған мамандығым журналист еді,өйткені елімізде болып отырған түрлі саяси-мәдени жаңалықтар мен іс-шаралар туралы ақпараттық құралдар және баспа беттерінен танысып,өз шама-шарқымша пікір,тұжырым жасап отыруды әдетке айналдырғанмын.

   Осы орайда,сіздің "Егемен Қазақстан" газетіндегі "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" тақырыбындағы мақалаңызбен танысқанда,келешек жайлы маған үлкен ой тастаумен қатар,жүрегімнің түбінен орын алып,болашаққа сенімім мен үмітім арта түсті.Енді тек журналист емес,мобильді тұлға болып қалыптасқым келеді.

    Осы ретте әр жас тұлғаның алдағы мақсатқа жету жолын жоспарлауда ой-тұжырымыңыз біздің үлкен өмір жолымызды бастауда айқын да анық бағыт-бағдар бере білді.

   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!Сіздің "Мәңгілік ел" идеяңызды қолдайтын өскелең ұрпақ шын ниетпен алғысымызды білдіре отырып,игі бастаманың көшбасшысы өзіңіз болып,Алладан ұзақ ғұмыр беруін және мақсаттарыңызды іс жүзіне асыра беруіңізді перзенттік пәк жүректен тілеймін.