Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!

Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!
жеке
блог
   Көптің көңілінен шыққан бұл туынды мені де айналып өтпеді. Киноны соныңа дейін көріп шыққан мына мен, өзімше ой түйдім.
 Фильм негізгі желісі екі табысты бизнесменнің тартысты бәсекесін баяндайтын телехикая. Келісім бойынша Арман мен Мақсат алыстағы ауылға барып, ешбір қаражатсыз бизнес көзін ашу керек болатын. Шын мықты екендіктерін солай ғана дәлелдемек. Осы тұста фильм негізгі ойы айқын көрінеді. Кейіпкерлердің әрбір жасаған істерінде белгілі бір ой жатыр. Әзіл арқылы адамды болашаққа жетелейді, алдағы күнге үміт береді, идеялық жағынан серпіліс туғызады. 
  Қазақ кино саласында мен білетін осындай көркем, әзіл- шыны аралас бүкіл саланы қамтыған  туындылар қатары кемде-кем болатын, ал дәл осы Бәсеке солардың қатарын толықтыра білді. Сонымен қатар көпсериялы кинода түрлі біз біле бермейтін, жастарға берері көп философиялық ойлар, халықтың ой санасынан жоғалып бара жатқан сөздер айтылады. Өмір жолындағы тартыс-талас мәңгілік екенін, аң мен аңшы рөлі сияқты жағдайаттарды сипаттап келтіреді. 
  Киноның төңірегінен сыртқа шықсақ..Бұл туындының негізгі сценаристі әйгілі әзілқой Марат Оралғазин екен. Көпшілік білетіндей Марат  Қазақ сахнасына төселген бірден бір адам. Оның қолынан мұндай туындының шығуы таңғаларлық жаңалық емес-ті. Кино желісі өзінің актерларын тапқан ал актерлар өз шынайы кейпіне еніп ойнап шыққандығы бәріне айқын.  Ол талантты адамдар:
  Олжас Абай – әнші, актер. Көпшілікке «Астана» арнасындағы «Әулет» телехикаясы арқылы актерлік қабілетімен де танылды. «Бәсеке» телехикаясында басты рольдегі Мақсат есімді табысты кәсіпкердің образын сомдайды.  
  Бақыт Тұшаев – актер, тележүргізуші. 1983 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңа шаруа ауылында дүниеге келген. 2006 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі. Сондай-ақ, Бақыт Тұшаев «Технодом» сауда үйінің жарнама роликтері арқылы танымал.
    Үлкенге құрмет, сезім, махабат, сыбайластық және негізгісі- БӘСЕКЕ, киноның идеясы осында. Осыдан кейін іштей қызығушылық болса онда киноны міндетті түрде көруге кеңес беремін..
Ал көрген жандар болса құр отырмай алған әсерлеріңізбен бөлісіп отыруларыңызды сұраймын..