Ауыл фотограф көзімен

Ауыл фотограф көзімен
жеке
блог

Бір күні интаграм парақшаларың ақтарып отырып, бір қызыққа тап болдым. Суреттерінің бәрі ерекше. Жо-жоқ, бұл жерде ешқандай сәнді киініп, үйлесімді боянған талдырмыш модельдердің суретін байқамадым. Тіпті, табиғаттың суреті де шамалы. Көзім ауыл балаларының бейнесіне еріксіз түсті. Бәрі - шынайы. Бәрі - қызық.

  Балалықтың балғын лебі есіп тұрған суреттердің авторы - Сымбат Тулеубеков. Алматы қаласының тұрғыны, екі баланың әкесімін деп таныстырған ол өзінің суретке түсіруге деген қызығушылығы 2013 жылы басталып, сол уақыттардағы басты мақсаты фотоаппарат алу болғандығын айтады. "Суретке көбіне кішкене балаларды түсіргенді ұнатамын. Олардың бойынан шынайылық, эмоция деген нәрселер анық көрініп тұрады"-дейді Сымбат.

 98

   "Сұлулықты көрсетейін деп едім..."

98

"Телпегіңнен айналдым..."

98

"Тығылмақ ойнайықшы..."

98

"Еркелік"

98

"Бөгәәәәй!"

89

"Бақыт деген не өзі?"

98

"Атаманбыз-біз"

98

"Болашаққа сәлем айт, балдырған!"

98

"Естелік"

98

"Томпағым..."

Суретке қарап сіздер не ойладыңыздар? Айтыңызшы, сіз өскен ауылдың бейнесі сап етіп көз алдыңызға келді ғой. Мен де бала болғанмын, сіз де... Балалық ол - тазалықтың келбеті. Олар алдауды білмейді. Сонысымен ерекше...

P.S @qazaqvision инстаграм желісіндегі қызықты суреттердің куәгері болыңыз...