Скрипкашы тәтей

Скрипкашы тәтей
жеке
блог

Мамыр айының алғашқы күндері. Арман қалама осы жылы алғаш келдім. Ауа-райына енді үйреніскенім бар. Сағат кешкі сегіздер шамасы, күн әлі өз ұясына бата қоймады. Көктемді асыға күткенімнің де бір себебі осында - күн кеш батады, осы шақта Алматының кешкі көрінісі, салқын желі керемет үйлесін тауып, "арман қала" сипатын толығымен ақтап шығады. Серуенге шығып күнделіті скрипкашы тәтейді көрдім, менің скрипкаға деген махаббатым қалаға келер алды туған болатын, неге екенін өзім біле алар емеспін. Міне, оқуға келдім, қыркүйек айының басы болу керек, Правда көшесінің бойымен келе жатқанымда осы тәтейді алғаш көргенмін. Скрипканың үніне ғашық болдым, қандай композицияны ойнап жатқанынан хабарым жоқ, тек тыңдап тұрдым. Міне сол шақты еске алып, алдымдағы тепшектерге отырып, тағы керемет үнге құлағымды асып отырдым. Жанымдағы асығыс адамдар, кептеліске тұрып қалған көліктер, қызарып жатқан аспан көрінісі, жасыл түске боянған талдар, бәрі-бәрі керемет. Мен көргім келген сұлулықтың барлығы көз алдымда тұрды. Кенет,бір оқиға орын алды. Тәтейдің алдынан бір жас жігіт өтіп бара жатты, олда өнеріне тамсанған болу керек, еңкейіп басын иіп, қошемет ретінде қолын алғысы келгені бар еді. Өнерлі әпкеміз алдында жатқан тиындары жиналған қорабын тез арада қолына алды да арта қарап тұра қалды. Еңбегімнің ақысынан айырыламын деп, қорыққан болу керек. Ыңғайсызданған жігіт тез жүріп кетті. Ал осы жағдайға куә болып отырған мен, оқиғаны сараптауға асықтым, қаншама  ой келді, аяныш, қорқыныш, ыңғайсыздық сезімі туындады. Әр адамның тағдыры әртүрлі. Мейлі, сырттан қарағанда өмірлерінде ұқсастықтар көп адамдарды кездестіретін шығармыз. Дегенмен олардың ол жағдайды сезінуі, қабылдауы, әрекет етулері әрқилы. Тағдырымызға қарай бар бәлені де, жақсылықты да адамдардан көріп жатамыз. Кейде оларға сенуден қалып бара жатқанымды ұғынамын. Бұл қателік болуы да мүмкін емес пе иә? Ал кейде қорғаныс ретінде? Жағдайға байланысты деп қарастыралық.