Менің факультетім
жеке
блог

Менің факультетім

 

Мен Әми Жібек ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының  3 курс студентімін. Қазіргі уақытта университетіміздің білікті мамандарынан білім алып жатырмын.  Қытай тілін оқу алғашқыда өте қиын болды, уақыт өте келе ұстаздарымның көмегімен оқуғы қызығушылығым артты.  Кафедрамызда студенттерді ынталандыратын әртүрлі бағдарламалар, жарыстар, апталықтар, студенттер арасында эссе жазу жарыстарын жасап тұрамыз. Олар бізге тілімізді жетік білуге итермелейді. Мен қазір ақылы бөлімде оқып жатырмын. Ақылы бөлімде оқитын сонымен қатар сабақ үлгерімі жақсы студенттерге әртүрлі демеуші компаниялар көмектерін беріп жатыр. 1 курста оқу үлгерімім жақсы болғандықтан маған 150000 теңге көлемінде стипендия  берді. Биыл 3 курста да сабақ деңгейім жақсы болғандықтан, осы жылы да  алдым. Мұның барлығы біріншіден өзімнің, екіншіден ұстаздарымның арқасы деп ойлаймын. Тіл үйрену барысында кездескен қиындықтарда өз көмектерін көрсетті. Бакалавр дәрежесін бітіріп, магистратурада да қытай тілін жалғастыратын ойым бар. Алған білімімді өзімнен кейінгі ұрпаққа жеткізгім келеді. Жалпы факультетімізде ұстаздар ұйымы студенттердің оқуға қызығушылықтарын арттыратын іс-шаралар жасап тұрады, көптеген жарыстар өткізіп жеңген студенттерге  сыйлықтар береді. Әлі күнге дейін қытай тілін таңдағаныма өкінбеймін. 

 

шығыстану факультеті 3 курс сиуденті Әми Жібек

Жетекші,куратор эдвайзер Анипина Ал