"Өмірге келген әр сәби біреудің баласы..."

"Өмірге келген әр сәби біреудің баласы..."
жеке
блог

Қандай өкінішті...қазіргі күнде қоғамымызда адамның жағасын ұстататын жағдайлар аз емес. Оның бірі аяусыз ананың енді дүние есігін ашып, шыр етіп өмірге келген періштесін жүрегі бүлк етпей тастап кету не болмаса соның арқасында пайда көріп сатып жіберу. Осыны естігенде жан түршігіп, ең бірінші санаға келетін сұрақ "бұл өзі адамның ісі ме?". Неге дейсізбе, себебі "адамзаттың соншалықты азғаны қалай, өмірден безініп, бауыр еті баласынан қалай бас тартады". 2014 жылы Атырау облысы Сағыз ауданында орын алған аталмыш жағдай жайлы не айтар едіңіздер, 33 жастағы келіншек баласын әжетханаға тастап кетті дейді. Сондағы бір отбасының тірегі болатын жас, кәмілет жасқа толмай, оңы мен солын ажыратып үлгермеген бойжеткен деп ақтай алмаспыз.

Сондағы мұндай іс-әрекетке итермелеген не себеп?! Бұл тек мыңнан бірі ғана, ғаламторды шарлаған мұндай сұмдық оқиғаларды табу қазіргі күнде қиын емес "баласын тастаған ана" деп жазсаңыз болғаны, жүректі зар жылататын түрлі жағдайды оқып, көре аласыз. Жамбыл облысында 1 жасар қызды бөтен үйдің есігінің алдына тастап кеткен, бұл жағдайдағы оқиғада баланы қамтамасыз ете алмаған бейуақ ананың істеген ісі. Не десек те, ақылға қонымсыз. Ал Ақтөбе қаласында жаңа туған сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған ананың сөзі "баламды сатамын деген ойым да болған жоқ, тек оны толық отбасыға тапсырғым келді" деген. Бұл сөзге кім сенеді? Сенген адам болсада, ана жүрегі соншалықты тастай болғаныма?! Алматы облысында баласын дəретханаға тастап кеткен ана табылды,тастап кетіп, артынан табылған ананы ақтауға ешбір сөз жоқ. Осындай қиянатты жағдайға апаратындай, адамзаттың басына қандай күн туған?!

Бірі баламды сатамын деп ойламадым десе, енді бірі баласына жүкті болған кезде баланың әкесі жауапкершіліктен бас тартқан соң, балам толық отбасында өскенін қаладым дейді. Жалпы қоғамымыз азып, тозып барады. Адамзаттың осынша азғынға ұшырауы, ақылға қонбайды. Сен - анасың. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, "ана" деген атқа лайықты болып, ұрпақтың жауапкершілігін сезіне білуің қажет. Ертеңгі күні өкініп, шырылдаған сәбидің көз жасы жібермейді. Бір Алланың қалауымен дүниеге келген періштенің қанатын сындырма, өзге жанға тапсырма. Өмір қалай, бір жан түн ұйқысын төрт бөліп Алладан бір нәресте сұрап, бір нәрестеге зар болса енді бірі өзінің жанының бір бөлшегін тастап кетіп жатады. Бала сіздегі бар байлыққа емес, ананың махаббатына, ыстық алақанына зәру. Ана махаббатының орнын ешкімде баса алмайды. Қарғыс алмай, өмірден сауап алайық. Бала үшін "ана" ол бар мейірімін аямайтын аяулы жан! Өмірге келген әр сәби біреудің баласы, олай болса әр сәби анасының мейіріміне, жылы сөздеріне лайық. "Ана" деп соққан баланың пәк жүрегіне сызат түсірмесек деймін.