Арықтау керек?

Арықтау керек?
жеке
блог

Арықтауды армандайтын қыз келіншектердің саны бүгінгі күні артып келеді. Себебі, сұлулықтың бірден-бір эталоны ол - арықтық. Артық салмақтан арыламын деп жүріп керісінше артық салмақты тағы да еселей қосып алып жатқанын қыз келіншектердің бірі білс бірі білмес. Егер расымен де арықтап, сымбатты дене иесі болғыңыз келсе ол жайлы көп ойлай бермеңіз. Тек қана бірнеше қағиданы күнделікті атқарып жүрсеңіз барлығы өз ойыңыздан шығады.

1) Су ішіңіз. Салмағыңызбен сәйкестендіріп бір күнде ішетін суыңыздың нормасын анықтаңыз!

2) Арықтау туралы ойлай бермеңіз! Өз ісіңізбен айналысыңыз.

3) Тамақты жақсылап шайнаңыз(кемінде 20-30 рет). Егер тойғаныңызды сезсеңіз тамақ ішуді тоқтатыңыз.

4) Тамақты мүлде ішпей қоюға болмайды. Ағзаға қажетті заттар жетпей оның арты жаман нәрселерге алып баруы әбден мүмкін.

5)Күніне кем дегенде 6 шақырым жаяу жүріңіз.

Осы қағидаларды күнделікті істейтін әдеттерім деп қабылдаңыз. Саспаңыз, барлығы жақсы болады.