Жастықтың жарамдылық мерзімін білесіз бе?!
жеке
блог

Жастықтың жарамдылық мерзімін білесіз бе?!

Біз бәріміз сүт өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кетпеуін қадағалаймыз. Дегенмен, көп нәрсе назардан тыс қалып қояды. Мәселен, табиғи жүннен немесе синтетикалық өнімнен дайындалса да кез келген жастық 3 жылдан кейін бастапқы пішіні мен көлемінен айырылады. Сондай ақ түрлі бактериалар мен жәндіктер пайда болады. Олар тек жүн немесе шаңмен коректенсе де, тері аурулары мен аллергия тудыруы мүмкін. Осы орайда, күнделікті қолданыстағы заттардың жарамдылық мерзімін көрсеттім.

1. Тіс щеткасын тек тозығы жеткенде ғана емес, әр тұмау немесе басқада ауруларадан кейін ауыстыру керек. себебі, қайта жұқтыруыңыз ғажап емес. Негізгі жарамдылық мерзімі 3 ай.

2. Үйге киетін аяқ-киім (сүйретпеңізді) әр алты ай сайын ауыстырып, немесе жақсылап жуып тұру қажет. Табан зеңімен жағымсыз иістің пайда болуына  әкеп соқтыруы мүмкін.

3. Жуынатын заттар мен сүлгіге ерекше мән беріңіз. Губкадан жасалған болса, небәрі 2-3 апта ғана. Ал мықтырақ материалдан жасалған заттарды ай сайын қайнатып, тазартуға болады. Ал әр 6 ай сайын жаңартып тұрған дұрыс.

4. Шаш тарайтын тарақтар 3 айдан артық сақталмайды екен. Апта сайын жуып тұрған жұрыс, дегенмен, түрлі бактериалдың пайда болуына тосқау бола алмайсыз. 

5. Ұн, шай, дәмдеуіш секілді ұзақ сақталатын өнімдердің өзі 6 айдан кейін өзінің бастапқы құрамы мен құндылығын жоғалта бастайды екен.

Есіңізде сақтап, кәдеңізге жарар деген үмәттемін. Біз мән бере бермегенмен денсаулығымыз үшін маңызды нәрселерді ұмытпайық!!!