"Black dile" тобы қазақ өнерінің "жаңа тынысы"!

91 тобы пайда болғалы елдің біршама шулағанын білеміз. Ал осыдан бірнеше апта бұрын 91-дің інілері, Есболат Беделханның "Black dile" тобы халық назарына ұсынылды. Топ шыққалы көрермендері олардың имиджіне, стильдерін сынға алды. Осындай, Q-pop жанрындағы топтардың фанаттарының көпшілігі корейлік өнерді сүйетіндер. Әсіресе, олардың қатарына жасөспірімдерді жатқыза аламыз. Осы топқа қатысты өзіндік пікірімді білдірсем:

1. Топтың әні күнделікті естіп жүрген стильде жазылған, аса бір ерекшелік жоқ.

2. Мәтініне келер болсақ сапалы деп айта алмаймын. Мағынасы сол бұрынғыша махаббат туралы. Сол кезде өнегелі ұрпаққа саналы білім берерліктей әндер шықпас пе екен деп қаламыз.

 

3. Жаңашылдықты қолдап жаңа өнер десек те, көрермендерге жағымсыз әсер сыйлайды екен. Әсіресе, намыс пен жігіттердің ерлігін аса бағалайтын халық үшін сырға тағып, бет бояп, жалбыраған киім киетін жігіттердің үлгісі жаттау көрінді. Бірақ., даму керек қой дейсің - ау оған қанымыз сіңіп кетпесе болғаны...

4. Жігіттердің өнеріне күмәнім жоқ, дауыстары да билері де жақсы. Алайда, қазіргі өнер тұлғаларының көпшілігі би билеп ән шырқауды әдетке айналдырды.

Олай болса, жігіттердің өнеріне өздеріңіз де баға беріп, пікірлеріңізді білдіріп отырыңыздар. 

https://www.youtube.com/watch?v=kNqAvbiJWLA



Бөлісу: