Достық жайлы мақал-мәтелдер

Достық жайлы мақал-мәтелдер
жеке
блог

достар туралы сөздер.

Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып

құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.

Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

Жолдасты жол айырады.

Қасың менен досыңды

Қас-қабағың танытар.

Екі жақсы қосылса,

Өлгенінше дос болады.

Екі жаман қосылса,

Өлгенінше қас болады.

Жолдасың соқыр болса,

Сен де бір көзіңді қысып қой.

Досы жоқ адам —

Тұзы жоқ тағам.

Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

Жаңа дос келгенде,

Ескі достың көзінен жас шығады.

Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

Біреу жаныңа жолдас,

Біреу малыңа жолдас.

Жолдасын тастаған жолда қалар.

Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.

Дос тұтқанды қадірле.

Өз басыңды дауға берсең де,

Жолдасыңды жауға берме.

Жалған достан жау артық.

Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,

Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.

Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.

Жалған жолдас көзіне мақтар,

Сырт айналып, сойылын баптар.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Төбелеске бергісіз араша бар,

Ағайынға бергісіз жанаса бар.

Ай көрмесең туысың жат,

Жыл көрмесең жолдасың жат.

Жаман туғаның болғанша,

Жақсы жолдасың болсын.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Дос жылатып айтар,

Дұшпан күлдіріп айтар.

Әкесі құрдастың баласы да құрдас.

Денің сау болса,

Жарлымын деме.

Жолдасың көп болса,

Жалғызбын деме.

Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Достан қарыз алма.

Айрығысы келген дос,

Аяулыңды сұрайды.