Ұлтымыздың ұлттық арнасы
жеке
блог

Ұлтымыздың ұлттық арнасы

Елімізде тек қазақ тілінде ақпарат таратып, түрлі бағдарламалары халықтың көңілінен шығып жатқан «Қазақстан» ұлттық арнасының  қазіргі таңда аудиториясы өте кең. Көрермендерінің басым бөлігі егде жастағы адамдар. Арнадағы «Дара жол», «Әйел бақыты», «Айтуға оңай» сынды бағдарламалардың  жетістігін, маңыздылығын ауыз толтырып айтуға болады. Бейсен Құранбектің «Айтуға оңайы» арқылы басына қиын іс түскен талай еліміздің  азаматтары оң шешімін тауып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіруде. Бағдарлама барысында оған өзіміз де талай куә болдық. Сонымен қатар тікелей эфирдің майталманы Ләйлә Сұлтанқызының  «Әйел бақыты» бағдарламасы да келген қонақтарын ашық-жарқын қарсы ала отырып, ауыр жағдай болса жүгін бірге көтерісіп, қуанышы болса бірге бөлісіп  келе жатқан көрерменнің жүрегіне жол тауып,  сонда тұрақтай білген тамаша бағдарлама. Тікелей эфир барысында түрлі қызық оқиғаларды көзбен көріп   күліп те, кейде келген кейіпкердің  жағдайын өзіміз де сезініп көзімізге еріксіз жас алып алған сәттер де болып жатты.  «Әйел бақыты» бағдарламасы талай отбасының,  ерлі-зайыптылардың бақытты ғұмыр кешіп,   үлгілі отбасы болуына септігін тигізді. Ал еліміздегі миллиондаған халыққа үлгі болып жүрген тұлғалардың өмір жолдарына шолу жасап, келген қонақпен шынайы, ашық әңгіме-дүкен құра білетін  Дана Нұржігіттің «Дара жол» бағдарламасы «Қазақстан» ұлттық арнасының тұрақты көрермендері асыға күтетін шынайылыққа, эмоцияға толы бағдарламалардың алдыңғы қатарында десек артық айтқанымыз болмас. Халықтың сүйікті арнасына айналған «Қазақстан» ұлттық  арнамыздың  беделі мен мәртебесі  арта беретініне сенеміз!