Телевизия саласына көзқарас

Телевизия саласына көзқарас
жеке
блог

Бүгінгі таңда телевизия әлемі қарыштап,қарқындап дамуда.Бүкіл ғалам кішкентай ғана қорапқа көз тіккен заманда оның өсу тұсы мен өшу тұсы бар. (менің ойымша)

Әсіресе Қазақстандық телевизия саласын  айтатын болсақ,телеарналарда құдайға да қажеті шамалы шоу-бағдарлмалар,көптеп,көктеп белең алуда.Мұның себебі неде?

  Менің пайымдауымша, мұның себебі халықтың сұранысында.Халық саяси,экономикалық жаңалықтарға бас қатырғысы келмейді.Өйткені күндіз-түні жұмыс істеп шаршап келген жұртшылық телеарнадан көңіл көтеретін ойын-сауық бағдарламаларын көргісі келеді деп ойлаймын. 

Екінші себебі біздің телевизия саласында жүрген әнші,актрисалар көп.Өте көп. Бірі әнші боп жүріп тележүргізуші бола салады немесе кино саласында киноға түсіп жүріп бағдарлама тізгінін ұстай салатындар да жетерлік. Әрине,әркім өзінің күні үшін кез-келген мамандықты игеріп,ісін атқаруы мүмкін.Дегенмен, қазақта мынадай  мақал бар "Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді"   Сондықтан бұлда қазақ телевизия саласының абыройына нұқсан келтірері сөзсіз.

Қорыта айтар болсақ,қазақ телевизия саласы қарыштап,қарқындап дамысын десек, дәм болсын бағдарлама санын шұбырта бермей,бұл олқылықтың орнын толықтыру қажетпіз.