Ұйықтап қалсам түс көрем

Ұйықтап қалсам түс көрем
жеке
блог

Түс адам өмірінің ажырамас бөлігі. Түс көру арқылы адам кейде күні бойы жасаған жұмысының нәтижесін, кейде болашақты, бірде өткенді көреді. Тіпті, анамыздың құрсағында жатқан кезде де адамдар түс көреді екен.

Түс көрмейтін адам

1982 жылы ғалымдар адамдардың түс көрмей өмір сүре алмайтындығын мәлімдеді. Зертеу жұмыстары арнайы тышқандар мен мысықтарға жасалған болатын, осыған сәйкес жануарларды түс көру кезеңінен айырды. Зерттеу нәтижесінде, жануарлар ауырып ғалымдар тіршілік иелері түс көрусіз өмір сүре алмайтындығын анықтаған болатын. 

Бірақ, ең қызығы әлемде мүлде түс көрмейтін адам бар екен. Ол ешқандай аурумен ауырмайды әрі өмірінде аса бір қиыншылықтардың туындамағандығын мәлімдейді. Сол себепті Ювал атты ер азаматты арнайы тексерістен өткізген борлатын онда аралық мии жұмысы тексеріліп оған рикошеттің түсіп кеткендігі анықталды. Ал, ол болса өз кезегінде түс көруге жауап береді. Дәрігерлер Юваляның түс көрмегендігінің нәтижесінде есте сақтау қабілеті нашарлауы мүмкін дейді.Бірақ, ол бүгінде тамаша адвокат, суретші және отбасысымен бірге керғемет өмір сүруде. Сондықтан, егер түс көрмейтін болсаңыз дрігерге тексерілгеніңіз жөн, өйткені адамның түс көруі арқылы ми жұмысы реттеліп, есте сақтауы жақсара түседі екен.