Дональд Трамп
жеке
блог

Дональд Трамп

 

     2017 жылдың  20 қаңтарынан  бастап  өз жұмысына кіріскен АҚШ – тың 45  су жаңа президенті.  Ол осы мандатқа дейін белгілі медиамагнат және бизнесмен ретінде танымал болды. Ол осыған дейін де президенттікке өз кандидатурасын бірнеше рет ұсынғанымен, өз мақсатына жеткен жоқ болатын. Сонымен қатар Дональд Трамп президенттік тағына жасы жетпісті алқымдағанда  отырып, гиннестің рекордтар кітабын жаңартты.

   Дональд Трамп 1946 жылдың 14 маусымында Нью-Йорк қаласының Джамейка атты шағын ауданында туған.Ата-анасы отбасылық бизнеспен айналысқандықтан ол ешқандай таршылық көрмей жастық шағын өткізді.Есейе келе әке кәсібін жалғастырып,өзін белсенді тарапынан көрсете бастады. Ол АҚШ теле-радио саласындағы атақты тұлға.Ол мемлекттің ірі арналарының бірінде арнайы бизнес-сайыс ұйымдастырып жеңімпаздарды өз компаниясына жұмысқа алып отырды.Ол АҚШ теле-радио саласына тың серпіліс алып келді.

   Дональд Трамп – жазушы ретінде де танымал.Кітаптары көптеген таралымдармен таралған. Үлкен сұранысқа ие. Әсіресе бизнес саласына енді ғана қадам басқан немесе бизнесмендердің өзі  Трамптың кітаптарын оқу арқылы нәтижеге қол жеткізіп,жетістікке  барғандарын таңдана айтқан.  Дональд Трамп әлемдегі бай адамдар қатарынан орын алады. FORBES журналының мәліметі бойынша оның байлығы 3,7 млрд долларды құрайды.Сонымен қатар Трамп көптеген жылжымайтын мүліктердің иесі.Оның әлемнің көптеген елдерінде жеке ғимараттары бар. Дональд Трамп үш рет отбасы құрған. 5  баласы, 8 немересі бар.Бүгінгі таңда Меланье Кнавспен заңды некеде.Бэррон атты ортақ ұлдары бар.