ИНТЕРНЕТТІҢ  АҚПАРАТ  КЕҢІСТІГІ
жеке
блог

ИНТЕРНЕТТІҢ АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ

 

    Ақпарат пен журналсит. Бұл бүгінде егіз ұғымға айналғаны шын. Журналистің кез келген жұмысы келген немесе алынған ақпаратқа байланысты. Эксперимент жасау – ақпаратты тереңінен, саралай отырып жинау деген сөз. Болған оқиғаларды тарқатып, бұқпасыз жазу үлкен мағына мен пайдаға ие болады. Өкініштісі, көп жағдайда журналистер құрғақ, оңай, жеңіл материалды жазып құтылуды жөн санайды. Сонымен қатар, интернеттегі ақпарат пен ақпарат кеңістігі белгілі бір ретте заңдық тәртіпке бағынуы тиіс. Себебі ақпарат – ең құнды  әрі қауіпті таралым.

    Адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы – жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан - ұрпаққа жетуі. Екіншісі – баспалардың пайда болуы. Үшінші серпіліс – электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді.

    Ал ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс – компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық – коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс. Бүгінде осы ақпараттық  серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар басты күшке айналып келеді.