Электронды үкімет

Электронды үкімет
жеке
блог

   

    «Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік­тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. «Ашық үкіметтің» негізгі мақсаты әрбір азамат үшін мемлекет және мемлекеттік органдар қызметінде айқындылық орнату болып табылады. Электронды қолжетімді - "Ашық үкімет" көп қырлы, бюджеттің айқындылығы, заң шығарушылыққа қатысу, ақпараттарға еркін қолжетімділік сияқты азаматтық құқықтардың негізгі аспектілерін қамту мақсатында кейінгі жылдарға идеяларды дамыту жоспарланған.  «Ашық үкіметтің»  статистикалық арнайы сайттары бар. Соның ішінде, Ашық деректер базасының негізгі принциптері:

  1. Білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;
  2. Қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистик. ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын практик. қызмет саласы;
  3. Жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.
  4. Қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне, дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты.
  5. Әр-алуан белгілі бір статистикалық деректер жиыны ретінде де түсінуге болады (өлім статистикасы, торбетке кіру статистикасы т.б.).

   Электронды демократия - ақпараттық қоғамға тән демократия түрі. Техникалық құралдарды жаппай қолдануды қолдаушылар қазіргі қоғам жағдайында тікелей демократия түрін орнату әбден мүмкін дейді. Осы көзқарасқа сәйкес, жаңа технологиялар қоғамның процеске тікелей араласуына кедергі келтіретін бөгеттерді жойып отыр.
   Кейбір ғалымдардың пікірінше, телекоммуникацияның интерактивті құралдарының арқасында әртүрлі аумақтағы ондаған миллион адам бас¬қару қызметіне керекті ақпаратты алып, әлемдік саясатқа қатысу мүмкіндігіне ие болуда. Басқа ғалымдардың пікірінше, технологиялық жаңалықтардың демократия жүйесін жетілдіруде маңызы зор.