Менің алғашқы кітабым.

Менің алғашқы кітабым.
жеке
блог

Кітап . . . Мен бұл сөзді естігенде адам қолындағы  бір сиқырлы құрал екендігін түсіндім. Менің бұл түсінігім мені алдамады. Қайта менің қазіргідей  қалыптасуыма бірден – бір көмекші болды. Тұңғыш рет мені кітапханаға ертіп апарған анам болатын. Кітапхана іші кең, кітапқа толы сөрелер мені өзіне шақырып тұрғандай болатын. Кітапханадағы қанатты сөздерді буынға бөліп оқитынмын. Менің кітапханадан алған алғашқы кітабым «Алдар Көсе». Алдар қу және  ақылды. Мен оны қулық емес, тапқырлық дер едім. Кедей мен бай қай кезде болсын болатын әлеуметтік топ. Байдың аңқаулығын пайдаланып, кедейге көмектесті. Алдар Көсе өзі де өмірдің қиыншылығын көрген жанның бірі. Мүмкін сол себептіде көмек көрсетіп, қараша халықтың қамын ойлағаны. Мен Алдар Көсені сол заманның қаһарманы деген баға берер едім. Кейде өзімді Алдар Көсе секілді  болғым келеді. Олай дейтінім қазіргі адамдарды тек ақша ғана қызықтыратыны, жасылық пен жамандықтың парқын түсінбеуіміз, мейірімділік танынудан гөрі тасбауырлыққа бағыт алуымыз мені шошындырады. 

Ағылшынның ұлы ақыны Шекспир «Маған кітап тақтан да қымбат» дейді. Алғаш кішкентай кітаптан бастаған мен қазір көлемді шығармалар оқуға көштім. Жазушылардан Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», Қ.Ысқақтың «Беу, асқақ дүние» шығармаларын, ақындардан М.Шаханов, М. Мақатаев, Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқып жаныма рухани байлық іздеймін.               Кітап – сарқылмас қазына, ал рухани даму – қажеттілік. Ол адамның өз басы үшін де қажет. Кітап өмірдегі бар байлыққа жетелейді. Жастарды кітап оқуға ұмтылдару жөнінде атқарылып жатқан істер қаншама. Әсіресе, «Бір ел - бір кітап» акциясы маған ұнайды. Жылда ел болып, бір кітапты бастан аяқ оқып шығамыз. Осындай акциялар көбейсе екен. Ендеше, барша Қазақстандықтарды кітап оқуға шақырамын.