Армандар орындалады!

Армандар орындалады!
жеке
блог

      Менің аты-жөнім Тәңірберген Айдана Айдарқызы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің қытай тілі мамандығы бойынша 3-курс студентімін. Ұлттық бірыңғай тестілеуден жинаған балл нәтижесі бойынша тегін білім алу гранты бұйырмады. Дегенмен мен арманымнан бас тарта алмадым, сондықтан қасиетті шаңыраққа келіп, бағымды сынап, киелі оқу орнының студенті атандым. Өзім көпбалалы отбасынан болғандықтан,сабағымды жақсы оқып,білім грантын алсам деген алдыма мақсат қойдым.Сабағымды жақсы оқығандықтан, 1-курсты аяқтағаннан кейін университетіміз жазғы оқу - демалыс лагеріне Қытай мемлекетіне жолдама берді. Қытайдың бірнеше қалаларында орналасқан білім ошақтарында болып қайттық, ол жақтың білім үрдісімен,мәдениетімен таныстық. Екінші курста мен оқу грантын иелендім.Осындай мүмкіндік бергені үшін университет ұжымына алғысымды білдіремін. Оқимын, білім аламын деген студенттерге университетімізде барлық жағдай жасалған.

      Қазақ Ұлттық Университетін еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі,білікті мамандар ордасы деуге болады.Қазіргі кезде университет көптеген мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Мен аталған оқу ордасындағы ұстаздардың, бірге оқитын достарымның, жанашыр ата-анамның қолдауларының арқасында өз арманыма, мақсатыма жетіп,өте жақсы білімді де білікті маман иесі болып шығатыныма сенемін.

Жетекші, куратор - эдвайзер: Анипина А.К.