Үйленіңдер!
жеке
блог

Үйленіңдер!

Үйлену де,үй болуда қиын шын,
Үйленбесең бақыт қайдан бұйырсын.
Қарыз алып той жасаған бақыт па?,
Осы сөзге ең алдымен сүйінсін.

Үйленіңдер үйленбеңдер демеймін,
Бақтарыңды баяндыға бөлеймін.
Үйлену ол шашылу емес несиемен,
Үйлену ол күйін кешпеу кедейдің.

Байымассың екеу болмай бір бассың,
Кедей жайын данам айтқан ұққассын.
Үйленем деп жас жұбайлар бүгінгі,
Маxаббаттын несиеге әкеп жықпасын.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ