Балмұздақты үйде жасайық.

Балмұздақты үйде жасайық.
жеке
блог

Ең оңай әрі тез жасалатын балмұздақ.

Керекті заттар:
* Қант 100 грамм
 
* Сүт 1 литр
 
* Жұмыртқа 6 дана
 
Жасалу жолы:
Сүтке қантты салып, газға қоямыз. Қант ерігенше араластырамыз. Жеке ыдысқа 6 жұмыртқаның сарысын жарамыз. Сосын оны газдағы сүтке құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, газды жайлатып, қоюланғанын күтеміз.Кремнің қайнап кетпеуі өте маңызды. Сосын кремді газдан алып суытамыз. Суыған соң мұздатқышқа бірнеше сағатқа салып қоямыз.
 
 
                                      АСТАРЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!