Замандас әке
жеке
блог

Замандас әке

Ал әкелер құлақ түр мына сөзге,
Ұрпағың адаспассын бұла түзде.
Балаға көңіл бөлмей жүрсек біздер,
Сың болар шыныменен мына бізге.

Уақыт бөлгің баламен бірге өтетін,
Әкелікті тәрбиемен үлгі ететін.
Жақсы жағың балаңа жұқсын деймін,
Біз әкеміз өмірге бір келетін.

Өмірдің татымас ау жүз мектебі,
Әкемен уақыттың ау бірге өткені.
Әке дейтін замандас шың бақыт ол,
Балаңның өзіңді ғой үлгі еткені.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.