Ұлдар сендер үшін!

Ұлдар сендер үшін!
жеке
блог

Ұлдар, сендер үшін!

Қазақта ұл баланы шаңырақ иесі ,ер азамат, туған үйдің түтінін түтетуші дейді. Ата – анасы мен бауырларына, жарына қамқоршы , ел қорғаны , әулеттің тірегі деп құрметтейді.

Ал ұлдар, сендер өздеріңе «нағыз жігіт қандай болу керек?», «ол үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойып көрдіңдер ме? Ендеше сол жайын бірге ойланып көрейікші.

«Нағыз жігіт» атына лайық  ер азаматтар солай туыала  салған жоқ. Олар отбасындағы тәрбиемен қатар , өзіне- өзі талап қоя білді. Сонлықтан ұл бала мемлекетіне аса пайдалы маман ретінде сәби шағынан бастап жан-жақты тәрбиеленуі  керек.

Ең алдымен ұл балаға әдептілік тән. Әдепті болсаң, өз орныңды, сөзіңді дұрыс қолдануды білсең ,айтқаныңда тұрып, әрбір сөзіңе жауап бере алсаң, қандай жағдайда да өзіңе сенімді боласың, ештеңеден қорықпайсың. «Бірлеңені бүлдіріп аламын ба?» деп жан-жағына жалтақтамайсың.

Ұл балаға ез, еріншек, жалқау болған жараспайды. Керісінше , інемі спортпен шұғылданып, бойын тік ұстап, нағыз жігіттерше жүреді.

 Сонымен қатар ұл бала киіну әдебін де білуі керек. Өзіңе кейбір киімдер қатты ұнауы мүмкін. Мысалы, жыртық-жыртық , кең шалбар, қыздыкіне ұқсас тырысқан жейделер дейік. Ал бұл нағыз ер жігітке тән деп ойлайсың ба? Ұл балаларда қыздардыкіндей киіснің бірнеше түрі болмаса да, өздеріңе лайық киімдері жетерлік. Солардан әркім өзіне үйлесетін, жарасатынын таңдап киюі қажет.

Ер азамат қай жерде де көмекке келуші. Сондықтан оның жастайынан үйдің қираған жерін де бұзылған техникасын  жөндей алуы да қажет. Күнделікті өмірде үлкен апалардың , қыз -келіншектердің  үйінде бірдеңесі  бұзыла қалса, әкелеріне не ағаларыңа келіп жөндеткенін көріп жүрген боларсыңдар? Сол сияқты сенің де сыныптас қызың не көрші апаң  бір затын жөндеп беруді сұрады делік. Сен жөндей алмасаң , «сенімжігіт қой, білетін шығар десем» деп немесе жөндеп берсең , «ақылынан айналдым, өзің жігіт болып қалыпсың ғой!» деп бір марқайып тастайтыны бар емес пе? Қыз баланың  үй жұмысын тиянақты жасай білуі өзінше өнер болса, ұл баланың  бұзылған  нәрсені  жөндеп, қолынан үйге қажетті жабдықтарды жасай білуі өзінше өнер.

Сондықтан  , ұлдар, «Ұл» деген атты абыроймен ұстап,өз жұртының нағыз қамқоршылары болғайсыңдар!