Эстафета. "Ал, танысайық!"

Өзің жайлы қысқаша мәлімет:

Мен – Исмагулова Арайлым Елдосқызы бұрынғы Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы) Әліби Жангелдин ауданы Алтынсары ауылында 1988 жылы барлық мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығып, қуанышқа кенеліп жатқан күні, яғни 25-мамырда дүниеге келіппін.  Отбасымдағы төрт баланың үлкенімін. Өзімнен кейін үш інім бар. Құдай қаласа, үш келін жұмсап, қолымды ұзартам деген дәмем зор))))

Мектепте оқыған 11 жыл ішінде түрлі жағдайларға байланысты 5 мектепте оқып шығыппын. (Кластас дегенді санап болмайсың енді)  Кейін колледж, сосын университетті бітірдім.

Қарапайымдылықты қалаймын. Қай нәрседен болсын жақсылық күтемін. Жалпы өз мінезім өзіме ұнайды.

2.    Хоббиің не?

Қатып қалған хоббиім жоқ. Бала кезімде табиғаттың, құстардың түрлі-түсті суреттерін жинап, дәптерге жабыстыратынмын. Сосын хобби деп айтуға жатпайтын шығар, бірақ  криминал, детектив, із кесу туралы киноларды көріп, сол жайында кітаптар оқығанды ұнатамын. (Қазіргі уақытта «Кости» деген сериал қарап жүрмін) Әңгіменің қысқасы, көңілім қалаған іспен айналысқанды қош көремін)))

 3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Ең алдымен Қазақстанның барлық қалаларын аралап шығуды армандаймын. Ал шет елден Азия елдеріне саяхат жасағым келеді.

4.    Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

     Қайта адам боп келер едім, соның ішінде қазақ немесе корей ұлтының өкілі.

5.    Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Абайдың 37 қара сөзіндегі «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деген жолдарын үнемі есте ұстаймын. Сонымен қатар «Все что не делается, все делается к лучшему» және « Адамның күні адаммен» деген сөздер күнделікті ұстанымыма айналып кеткен.

6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Оны бәрібір танымайсыздар ғой десем)))

7.    Кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Әзірге ешкімді

8.    Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Әншім – Сәкен Майғазиев, Қарақат Әбілдина, Айгүл Иманбаева, актер – Сергей Безруков. Ал саясатқа мүлдем жақындығым да, қатысым да жоқ. Сондықтан саясаткерлерді аса тани қоймаймын Нұрсұлтан Назарбаевтан басқасын)))

9.Сүйікті спорт түрі?

Таңертеңгілік жаттығулар жасайтыным болмаса, спортпен айналыспаймын. Бірақ спорттың көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау түрлері ұнайды

10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Қатты ұнатып көретін сүйікті кином жоқ. Ужастиктер мен фантастикадан басқа көруге тұрарлық киноларды көре беремін.

11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Әрине еркек. Әйелінің көзқарасын аңдып, соның сөзінен шыға алмайтын ер-азаматтарға жыным келеді.

 12.    Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Менің ойымша, ер адам ақша табушы, ал әйел оны ретімен жұмсап, жарата білуі керек. Бірақ ерінің қалтасын қағып, бар ақшаны өзі ұстағаны да дұрыс емес сияқты. Ну, енді түсінген шығарсыздар)))

13.  Айнараның қойған сұрағы: "Любовь живет три года" фильмі шығып жатыр. Махаббаттың үш жыл ғана өмір сүретіні рас па? (режиссері дәлелдепті)

Фильмді көрмедім, кітабын да оқымаппын. Ал өз басым әлі шын ғашық  болып, алаулаған махаббат сезімін бастан өткізген жоқпын. Сондықтан нақты бір берер жауабым жоқ екен.

Эстафета таяқшасын Қызылорданың аруы Жазира Орынбасарға беремін. Жазираға қоятын сұрағым :Ата-анаң және сүйіктің сені қалай деп еркелетеді?



Бөлісу: