Метрода болған оқиға...

Метрода болған оқиға...
жеке
блог

Тілді дамыту сабағына баратын уақытым таяп қалды. Асығыс үйден шықтым да метро станциясына қарай беттедім. Метро немесе метрополитен (франц. metropolіtaіn – астаналық, грек.metropolіs – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі. Алматы қаласында оның алғашқы бөлігі2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ru/thumb/7/75/Alma-Ata_tube_%22Moscow%22_station.JPG/1200px-Alma-Ata_tube_%22Moscow%22_station.JPGАл менің үйімнің маңындағы метро станциясы Ресейдің астанасының құрметіне “Москва” деп қойылған-ды. Ал не керек метроға кіріп жер төледе келесі поезды күттім. Күту ұзаққа созылған жоқ бар болғаны 5 минут. Ішіне кіріп бос орынға жайғастым. Сөйтсем маған қарама-қарсы орындықтарға бір топ орыс ұлтының жігіттері жайғасты. Метроға отырғанда мызғып алғанды ұнататын мен оларға аса мән берген жоқ едім. Сөйтіп 10 минут өткен соң көзімді ашып манағы жігіттердің әңгімелеріне құлағымды түріп тыңдап қалсам Қазақ елінде қайтіп күн көру керектігі жайлы айтып жатыр екен. Олардың бірі тіпті  “Чтобы добиться успеха в Казахстане, нужно знать и говорить на казахском языке”,-  деді. Бұл сөзді естіп алдым да қардар болу үшін ендігі уақытта орыстар қазақ тілін үйренуге мықтап бел байлаған екендігін түсіндім. Осы сәтте ойыма қазақтардың аузынан  қашан осындай сөздер естиді екенбіз деген ойға баттым. Жә, қазақтарды жамандап, даттамай-ақ қояйыншы. Бұрынғыдай емес бүгінгі таңда прогресстің болғаны рас қой! Осыны мойындап, елімнің алдағы уақытта ілгері басып дамуын Құдайдан тіледім. Мен “Абай” станциясынан түсуім керек еді. Діттеген жеріме жетіп, бұл жағдайдың санамда ұзақ тұрақтайтынын түсіндім.