Сандерстің өзі болмаса да, KFC бар

Сандерстің өзі болмаса да, KFC бар
жеке
блог

 

KFC немесе полковник Сандерстің тауықтары
Фастфуд қанша зиян десек те, одан түбегейлі бас тартар түріміз жоқ. Ал әлемдік бренд қатарындағы жылдам әзірленетін тағам ішінде McDonald’s пен KFC-дің бәсі жоғары. МакДональдстің тағамдары денсаулыққа зиян деп сыналса, KFC атасы тауықтарды «құрбан» етуімен талай сынға ұшыраған. Біз бүгін әлемге қуырылған тауықтарымен әйгілі болған KFC-дің атасы – полковник Сандерс туралы әңгімелекпіз. 6 сыныптық қана білімі бар Сандерс кейін қалай миллионерге айналғанын білгілерің келе ме? Бірақ, ол сөзімізге қарап, «жетістікке жету үшін оқудың қажеті жоқ екен ғой» деген асығыс ойдан аулақ болыңдар, балалар.

Гарланд Сандерс 1890 жылы 9 қыркүйекте Америкада жұмысшы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өткен. Әкесі Генривилль қаласында ұсақ-түйек жұмыс атқарып, нәпақа тапқан. Анасы жұмыс істемейтін, үйдегі үш баланы қараумен айналысатын. 6-сыныпта оқып жүрген кезінде Гарландтың әкесі кенеттен қайтыс болып, оның өмірі күрт өзгеріске ұшырайды. Анасы балаларын асырау үшін түрлі жұмыстар атқара бастайды.KFC

          Ол атқарған жұмыс түрлері: ферма жұмысшысы, трамвай кондукторы, америкалық әскер жауынгері, ұстаның көмекшісі, паровоздың от жағушысы, соттағы заңгерлік курстардың тәлімгері, сақтандыру агенті, жүк тасушы, кеме капитаны, автокөлік дөңгелектерін сатушы және көлік жөндеуші.

    40 жасында өмірі өзгеріске түседі: Сандерс жеке шаруамен айналысуды ойлап, көлік жасау шеберханасын ашады. Бұл жол бойында ерсілі-қарсылы бағыттарда жол жүретін адам қатары таусылмайтын.  KFC

    47 жасында тұтынушылар көңілінен шыға бастағанын түсініп, жеке мейрамхана ашады. Себебі, Сандерстің шеберханасындағы қуырылған дәмді тауықтары туралы аңыз алысқа тарай бастайды. Соның арқасында ол көлік дөңгелегін жөндеуді қойып, 142 орындық мейрамханасы бар қонақүйде ас дайындай бастайды. Ол мейрамхананы көпшілік «Полковник Сандерстің кентуккилік қуырылған тауықтары» деп атап кетті.

      62 жасында полковник Сандерс ісі тоқырауға ұшырайды. Өйткені, оның мейрамханасы сәтті орналасқан жол торабының бағыты өзгеріп, оның тұтынушылары күрт азаяды. Сол жасқа дейін жеке мейрамханасы бола тұра,  Сандерсті миллионер деу қиын еді.

           Кәсібін тоқыраудан құтқару үшін ол тауықтарын (балапандарын) басқа мейрамханаларға сата бастайды. Тапсырыс берушілерді табу да оңайға соқпады. Әуелде ол өзінің әрбір қуырылған балапан еті үшін мейрамханалардан бар-жоғы 5 цент қана алатын.  Сөйтіп, ең ақыры 70 жасында миллионер атанады. Содан 60-жылдардың басында АҚШ-та Гарланд Сандерстің бірнеше жүздеген мейрамханасы пайда болды. 1964 жылы Сандерс корпорациясын кіші Джон Браун есімді кентуккилік кәсіпкерге 2 миллион долларға сатады. Компаниясы бренд ретінде танылып, өзі соның «келбетіне» айналады.KFC

Сандерстің құпиялары

Гарланд Сандерстің қуырылған дәмді тауықтарының дайындалу құпиясы туралы бәрі де білгісі келе бастайды. Бірақ, ешкім де Сандерстің құпиясын таба алмайды. АҚШ-та бірнеше аспаздық кітап авторлары Сандерстің құпиясы туралы өз нұсқаларын жазады. Компанияның өзі дәмдеуіштің дайындалу әдісі туралы тек бірнеше адам ғана біледі дейді. Әйткенмен, ол адамдардың тізімі ерекше құпия сейфте ғана сақталып келеді

Ол 1980 жылы 16 желтоқсанда 90 жасында Кентукки штатында өкпе қабынуынан көз жұмады. Сандерс өмірінің соңғы жылдарында ғана өзіне көңіл бөле бастайды. Ауыр жұмыстан демалуды үйренеді. Саяхаттайды. Гольф ойнайды. Әйелі Клаудия екеуі Claudia Sanders’ Dinner House атты жеке мейрамхана ісін жүргізеді. Қысқасы, полковник қазасынан кейін де KFC өз жұмысын тоқтатпады. Дәл қазір бұл компанияда әлем бойынша 25 мыңға жуық адам қызмет жасайды. Былтыр компанияның жылдық табысы жарты миллиард долларға жетті.