Логика әлеміне қадам
жеке
блог

Логика әлеміне қадам

Логика – шындыққа жанасатын, түгелі дерлік белгілі-бір жағдаяттарға негізделген ойлау интеллектісі. Күрделі де жеңіл жолдардан құралған жеке дара тұңғиық әлем.

«Логика – ойды сынайды. Ой – аталған логикаға қызмет етеді. Оның қызметі: берілген жағдаяттағы белгісіз тұжырымды табу» деген болатын ұстазым Мұраталиев Жақсылық Сисемаліұлы. Бұл жөнінде түсіндіре келе, тағы бір мүддәрис ұстаз Мұратова Зульфия Аманбаевна:

«Логикалық есеп деп жатамыз. Міне, дәл осы аталған қызмет логикалық есептерде, яғни логикалық методологияда, математикада белгілі-бір заңдылықпен, әдіс-тәсілмен, шарттармен есеп түрінде келеді. Осы орайда логиканың адамды толғандырып, қызықтыратыны бар» деп еді. Мен ол аталмышты түсінгендеймін. Соның есебінен, менің де логика құпиясына көңілім бұрылды. Өмір жағдаяттарынан шындыққа негіздеп, қилы ойларды жинақтап, логикалық есеп үлгілерін туындатқыздым. Назарларыңызға жеңіл де оңай үлгісін ұсынып отырмын. Бұл менің алғашқы логикалық есептер жинағынан бастамам. Мейлінше шығарылу жолын жеке хаттамамен жолдаңыздар "Жеңімпаздар" қатарына аты-жөніңізді қосып жариялаймын. Ал кеттік!

 

  1. Гүлжайна тор көзді параққа бір қатары 43 жолдан тұратын термин сөздерді, одан кейін сызықша қою арқылы аудармасын жазды. Егер, әрбір бір термин сөз 8 тор көзден, сызықша(-) 1 тор көзден, ал аудармасы 10 тор көзден тұратын болса(жазылса) онда дәл осындай қатардан үш қатарлы термин сөздер қанша тор көзді құрайды?

Жауабы: (2451 тор көз)

  1. Гүлжан «Сәлем» дүкенінен бір пачкасы 360 тг тұратын маркерлер сатып алды. Пачканың ішінде 4 тал маркер болды. Бұны естіген Нұржан базарға бір пачкалы маркердің бағасы 360 тг деп ойлап 360 тг алып барды. Сөйтсе, бір пачкалы маркердің құны 450 тг екен. Ақшасы жетпей қалғандықтан ол қанша маркер сатып алды және әр маркердің құны қанша?

Ескерту: Базардағы бір пачкадағы маркер саны «Сәлем» дүкеніндегі маркер санынан 1 тал артық.

Жауабы: (Нұржан 4 маркер алды,

 және әр маркердің құны 90 тг-ден)

  1. Гүлшекер сыныптастарына карточка дайындау үшін қарапайым тор көз дәптерін алды. Ол дәптердің соңғы 3 парағы жазылған екен. Сөйтіп, жазылған парақтарды жыртып тастады. Гүлшекер дәптер ортасынан таза 2 тал қос парақ алып оны, әрқайсысын 4 бөлікке бөліп карточка дайындады. Ал қалған 3 парақты да 4 бөлікке бөліп карточка дайындады. Сонда, Гүлшекердің дәптері қанша парақтан тұрды және қанша корточкалар дайындады?

Жауабы: (карточкалар саны – 28

дәптер парағы – 10)